Дулати университетінде Француз республикасының «Total Energies» компаниясының «Total Energy» тұрақты даму мектебі» профессорларының университеттегі жұмыс сапарларының аяқталуына байланысты салтанатты іс-шара өткізілді.
7.10.2024 -10.10.2024 аралығында профессорлар Дулати университетінің оқытушылары мен студенттеріне келесі тақырыптарда лекция өткізіліп, тәжірибелерімен бөлісті.
- «Дарындылықты дамыту және көшбасшылық» тақырыбында профессор Эрве Оберрайнер
- «Еңбекті қорғау және қауіпсіздік қағидалары: ірі жазатайым оқиғалардың алдын алу» профессор Терри Купер
- «Ірі компанияның даму стратегиясы: мемлекеттермен қарым-қатынас – Экономика – тұрақты даму» профессор Жан-Пьер Кордье
- «Дағдарысты басқару және коммуникация» профессор Филипп Гайс
- «Климаттың өзгеруі және энергияның ауысуы» профессор Ксавье Лимпенс.
Салтанатты іс-шараны университеттің Басқарма мүшесі - ғылым және цифрландыру жөніндегі проректор Сейітжан Орынбаев ашып, өткізілген дәрістерге біліктіліктерін арттыру үшін студенттеріміз, оқытушылар құрамы мен ғалымдарымыздан басқа өңіріміздің кәсіпкерлері мен кәсіпорын мамандарыныңда қатысқанын айта келе, еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуына үлестерін қосқаны үшін профессорларға ризашылығын білдіріп «Алғыс хатпен» марапаттады.
Өз кезегінде «Total Energies Renewables Services Kazakhstan» компаниясының Бас директоры Тьерри Плезан сөз алып, Дулати университетімен өзара тиімді стратегиялық ынтымақтастықты дамыту арқылы білім мен дағдыны пайдаланып, тәжірибе алмасу мүмкіндіктеріне ие болғанына ризашылығын білдірді.