ҚҰРМЕТТІ ОҚЫТУШЫЛАР!
«ОҚЫТУШЫ-ЗЕРТТЕУШІ» КОНКУРСЫ 2024 ЖЫЛҒЫ 11 ҚЫРКҮЙЕККЕ АУЫСТЫРЫЛАТЫНЫН ХАБАРЛАЙМЫЗ.
Құжаттарды қабылдау мерзімі а.ж. 10 қыркүйекке дейін ұзартылады.Конкурсқа қатысу үшін Ғылыми-зерттеу қызметі бөліміне Ережеде баяндалған талаптарға сәйкес келетін төмендегі құжаттарды ұсыну қажет:
- a) өтініш берушінің өтініші;
- b) мінездеме-ғылыми зерттеу тақырыбы көрсетілген кафедра/ғылыми зертхана меңгерушісінен ізденушіге ұсыныс;
- c) институттың/факультеттің ғылыми кеңесінің «М.Х. Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті" КЕАҚ-да Тегі, Аты, Әкесінің аты толық атаулы жағдайда, жұмыс өтілі көрсетілген конкурсқа қатысу үшін ізденушіні ұсыну туралы шешімінен үзінді;
- d) өтініш берушінің жеке басын растайтын паспорттың немесе жеке куәліктің көшірмесі;
- e) ғылыми хатшы куәландырған ғылыми еңбектер тізімі;
- f) ғылым және коммерцияландыру департаментімен расталған, ізденушінің өнертабыстың, пайдалы модельдің немесе өнеркәсіптік үлгінің авторы немесе тең авторы екенін растайтын қазақстандық және шетелдік патенттердің көшірмелері;
- g) ғылым және коммерцияландыру департаментімен расталған, ұйымдардың тапсырыстары бойынша ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарды орындауда ізденушінің басшылығын растайтын құжаттардың көшірмелері;
- h) ғылым және коммерцияландыру департаментімен расталған, ізденушінің қазақстандық және шетелдік ғылыми және ғылыми-техникалық конкурстық іс-шараларда (өз бетінше немесе ғалымдар ұжымдарының құрамында), оның ішінде гранттар мен субсидиялар алуға жүлдегер немесе жеңімпаз болып табылатынын растайтын құжаттардың көшірмелері;
- i) Ғылыми-зерттеу жұмысының тақырыбы мен бағдарламасы (ГҚ конкурстық құжаттама өтінімінің талаптарына сәйкес).