Достар, керемет жаңалық! Бүгін Freedom Grants білім беру жобасы басталды!
Жаңа жоба аясында Freedom Bank Дулати университетіне қосымша білім гранттарын береді.
Конкурсқа кемінде 75 балл жинаған үміткерлер қатыса алады.
Freedom Bank-тің грантына үміткер болу үшін сізге қажет:
1) 1 - 13 тамыз – университетіміздің қабылдау комиссиясына өтініш және ҰБТ сертификатын беру;
2) 14 - 18 тамыз – Instagram-да Банктің парақшасын @bankffin.kz белгілей отырып, #FreedomGrants хештэгімен пост немесе рилс жариялау. Оның ішінде сіз өзіңіз туралы айтып, оқығыңыз келетін университетті атаңыз, неліктен осы немесе басқа мамандықты таңдағаныңызды және өз аймағыңызды қалай жақсартқыңыз келетінін түсіндіруіңіз керек;
3) 21 тамыз – Freedom Grants иегерлері кездейсоқ сандар генераторы арқылы Банктің ресми парақшасында @bankffin.kz тікелей эфирде анықталады.
Конкурсқа келесі факультеттердің мамандықтары қатысады:
Білім беру саласының коды және жіктелуі |
Білім беру бағдарламасының атауы |
6В04 Бизнес, басқару және құқық |
6B04128-Менеджмент; 6В04112-Бизнес менеджменті; 6В04114- Мемлекеттік және жергілікті басқару; 6B04118-Бизнес экономикасы; 6В04111- Кәсіпкерліктің бухгалтерлік есебі, аудиті және салық салуы; 6В04117 –Қаржы; |
6В06 Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар |
6B06111 – Информатика және компьютерлік ғылымдар; 6B06113- Бағдарламалау және бағдарламалық қамтамасыздандыруды әзірлеу; 6B06114 - Информатика және ақпараттық-коммуникациялық технологиялар; |
6В11 Қызмет көрсету |
6В11114-Мейрамхана ісі және мейманхана бизнесі; 6В11111- Туристік бизнес |
Freedom Grants - талапкерлерге арналған байқау және білім беру грантының иегері болу мен еліміздің үздік университеттерінде тегін білім алу мүмкіндігі.
Толық шарттарды сілтемеден https://bankffin.kz/kk/freedom-grants? немесе Дулати университетінің қабылдау комиссиясынан біле аласыз.