«Біз кішкентай жұлдызбыз!» кіші жоба аясында қалалық семинар өтті

М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті мен «Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы» 2024  – 2026 жылдарға «Жамбыл облысы бойынша кәсіби даму институтымен» бірлесіп «Біз кішкентай жұлдызбыз!» кіші жоба аясында «Ойын арқылы баланың жеке дарындылығын, кең ауқымды дағдыларын қалыптастыру» тақырыбында қалалық семинар өтті.

Семинар мақсаты – бала бойындағы айрықша қасиеттер мен тұлғалық ерекшелігін ойын арқылы дамытып, кәсіби және жеке даралық қабілетін анықтауға педагогикалық-психологиялық көмек көрсету.

Семинар барысында №4, 37, 12, 14, 2, 22, 5, 25 бөбекжай бақшаларының қатысуымен баяндамалар оқылып, шебер сыныптар көрсетілді.

Жоба аясында «Асыл Мұра» ұлттық кабинетінің ашылуы салтанатты түрде өтіп, екі жақты меморандумға қол қойылды.

садик11111

садик22222

садик3333

 

Прочитано 286 раз
Top