ЖҰМАХАН МЫРХАЛЫКОВ АТЫНДАҒЫ АУДИТОРИЯ АШЫЛДЫ

М.Х. Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінде Қазақстан республикасы Ұлттық ғылым академиясының академигі - Жұмахан Мырхалыков  атындағы аудитория ашылды.

Аудиторияның ашылу салтанатында  техника ғылымдарының докторы, профессор, Халықаралық инженерлік ғылымдар академиясының академигі Жұмахан Мырхалыков және техника ғылымының кандидаты, профессор Кенжекуль Аширбаева, Басқарма мүшесі – әлеуметтік-мәдени даму жөніндегі проректор Аслан Тұрлыбек лентаны қиды.

Аудиторияның ашылуына Жұмахан Мырхалыков, Кенжекуль Аширбаева, Техника ғылымының кандидаты, профессор Серик Мунасипов сынды құрметті қонақтар мен әріптес-замандастары, бауырлары, шәкірттері, университеттің профессор-оқытушылар құрамы мен студенттер қатысты.

Жиынды Жаратылыстану ғылымдары академиясының академигі, техника ғылымының докторы, профессор Сағатбек Мырзашев  ашып, ғалымның оқу-білім жолында атқарған еңбегі мен университеттің дамуына қосқан елеулі еңбектері туралы сөз қозғап, Жұмахан Мырхалыков жайлы бейнефильмді ұсынды.

Ғалымның ұйымдастырушылық дарыны, кәсіби біліктілігі, қажырлы еңбегі мен қоғамның зияткерлік тұрғыда дамуына қосқан зор үлесі университет тарапынан жоғары бағаланып, Басқарма мүшесі – әлеуметтік-мәдени даму жөніндегі проректор Аслан Тұрлыбек академик Жұмахан Мырхалыковқа М.Х. Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің құрметті профессоры атағын беріп, төсбелгі мен куәлігін ұсынды.

Техника ғылымының кандидаты, профессор Кенжекуль Аширбаева өзінің құттықтау сөзінде, академик Жұмахан Мырхалыковтың  тамаша ұйымдастырушылық шеберлігі мен жоғары кәсіби біліктілігі туралы, сонымен қатар еліміздің ғылымы мен білім сапасын арттыруға қосқан орасан зор үлесін атап өтті.Арнайы келген қонақтар ғалымға жылы лебіздерін білдіріп, гүл шоқтарын табыстады.

Жұмахан Мырхалыков университет басшылығына ерекше алғысын білдіріп,білім ордасы алдағы уақытта да жоғары көрсеткіштерді бағындырып, қойылған мақсат-міндеттерді жүзеге асыратындығына сенім білдірді. Аталған аудитория студенттердің сапалы білім алуына себепші болары анық.

ашылу 1111

ашылу2222

ашылу333

ашылу444

 

Прочитано 534 раз
Top