Дулати университетінің 4-курс студенттері Айбек Оралбай мен Нұрбек Оралбай Парижде өтетін олимпиадаға жолдама ұтып алды.
Айбек Оралбай Бусто-Арсицио қаласында (Италия) бокстан өтіп жатқан лицензиялық олимпиадалық турнирде ширек финалдық жекпе-жекте қарсыласынан басым түсіп, 92кг салмақта өнер көрсетіп жеңіске жетті. Ширек финалда Айбек АҚШ спортшысы Джамара Таллимен жұдырықтасып, айқын басымдықпен америкалық спортшыны жеңді.
Ал Нұрбек Оралбай 80 келі салмақта сынға түсіп, қарсыластарын ойсырата жеңді. Шешуші жекпе-жекте ирландиялық спортшы Келин Кессидимен жұдырықтасып, шаршы алаңда өз шеберлігін көрсетті.
Студенттеріміз «Дулати университеті – чемпиондар шеберханасы» екенін тағы бір дәлелдеді!
Айта кетейік, университетіміздің түлегі Аслан Шымбергенов те олимпиада жолдамасын жеңіп алды.
Жеңіс құтты болсын!