Гидротехникалық құрылымдардың тозу деңгейін есептеу бойынша жиын өтті

ҚР Су ресурстары және ирригация Министрлігі «Қазмелиосушар» РӘО» РММ Жоғары Аудиторлық Палатасының ұсынымына сәйкес, гидротехникалық құрылымдардың нақты жай-күйін айқындау мақсатында жиын өтті. Шара барысында құрылымдардың тозу деңгейін есептеу тәртібі әзірленді.

Университет қабырғасындағы гидрология және гидротехника саласындағы профессор-оқытушы мамандарымен кездесіп, кеңес алу үшін көмекке жүгінді.

Әдістемені әзірлеудің негізгі мақсаты – гидротехникалық құрылымдардың тиімді жұмысын қамтамасыз ету және олардың тозуын болдырмау. Гидротехникалық құрылымдардың функционалдық мақсаты және салалық тиістілігі әртүрлі болғандықтан, олардың қауіпсіздігі бойынша міндеттерді орындауда қиындықтар туындайды.

Осы мәселені талқылау үшін, «Су ресурстары» кафедрасының профессорлары мен аға оқутышылары, доценттері өз ойларын білдірді. Сонымен қатар, «Қазаргомелиосушар» РӘО» РММ директордың орынбасары Қайратқали Сағынғалиұлы, нормативтік-әдістемелік қамтамасыз ету бөлімінің басшысы Мадина Туржанова, «ANKO Group» ЖШС директоры, инженер-құрылысшы Диас Әшір Ғалымұлы, т.ғ.д., инженер-гидротехник-құрылысшы, эксперт Серік Нұршанов жиынға қатысып, мәселені шешуге тырысты.

 Дөңгелек үстел барысында ҚР гидротехникалық құрылымдардың жай-күйі, оларды бақылау үшін жасалып жатқан әдістемелік жұмыстар талқыланды.

су ресурс 1

су ресурс 2

 

 

Прочитано 475 раз
Top