БАҒЫТТАУШЫ КОНФЕРЕНЦИЯ: Мамандықтағы алғашқы қадамым

«Педагогика» кафедрасының аға оқытушылары Сәуле Бупетаева мен Кәмшат Ушакбаеваның ұйымдастыруымен “Мамандықтағы алғашқы қадамым” атты 1-курс студенттеріне оқу-танысу (психологиялық-педагогикалық) практикасының бағыттаушы конференциясы өтті.

Практиканың мақсаты: Болашақ педагогтердің ойлау икемділігін қалыптастыру, оларды педагогикалық құбылыстарды талдауға үйрету, шығармашылық, мазмұнды педагогикалық қызметке дайындау; білім беру мекемесінің оқу-тәрбие процесімен, мектептің ішкі жағдайымен таныстыру; болашақ кәсіби қызметінің жағдайларына бейімдеу.
Конференция барысында "Карьера жене бизнес серіктестік" бөлімінің басшысы Мира Ержанова,  Ш.Смаханулы атындаты N°44 орта мектебінің оқу-әдістемелік ісі жөніндегі директор орынбасары Гүлмира Идиятова
студенттің практикаға қатысты көкейкесті сұрақтарына толығымен жауап берді.

«125 EDUCATION» ЖШС-нің педагог-психолог маманы Шолпан Алибаева студенттерге психологиялық тренинг жүргізіп, білім беру мекемелерінде оқушылардың психологиялық саулығын сақтау және нығайту бойынша жағдай жасау; оқушылар мен мұғалімдердің психологиялық құзыреттілігін арттыру; адамтанудың құрамдас бөлігі ретіндегі психологиялық ғылымның маңыздылығы туралы түсінік берді.

Сонымен қатар 1-курс студенттері арасында сауалнама жүргізіліп, нәтижесі жан-жақты талқыланды. "Педагогика және әлеуметтік ғылымдар” факультеті бойынша практикаға жауапты аға оқытушы Сәуле Бупетаева конференцияны қорытындылап, студенттерге практиканы табысты өтулеріне сәттілік тіледі. Электронды портфолио толтыру, практика барысында мектептегі ішкі тәртіпті қатаң сақтау, әдіскерлермен жұмыс жүргізу мәселелері түсіндірілді.

Прочитано 526 раз
Top