2023 жылғы жыл сайынғы ғылым саласындағы сыйлықтарға және мемлекеттік ғылыми стипендияларға ізденіс конкурсы

Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Ғылым комитеті 2023 жылғы жыл сайынғы ғылым саласындағы сыйлықтарға ізденіс конкурсын жариялайды.

– жаратылыстану ғылымдары саласындағы үздік ғылыми зерттеуі үшін Қ.И. Сәтбаев атындағы бір сыйлық;

– гуманитарлық ғылымдар саласындағы үздік ғылыми зерттеуі үшін Ш. Уәлиханов  атындағы бір сыйлық;

– педагогика саласындағы үздiк ғылыми зерттеуі мен жұмысы үшiн Ы. Алтынсарин атындағы бір сыйлық;

– түркология саласындағы аса зор жетістіктері үшін Күлтегін атындағы бір сыйлық;

– жаратылыстану ғылымдары саласындағы үздік жұмысы үшін жас ғалымдарға арналған Д.А. Қонаев атындағы бір сыйлық;

– гуманитарлық ғылымдар саласындағы үздік жұмысы үшін жас ғалымдарға арналған М.О. Әуезов атындағы бір сыйлық.

Конкурсты өткізу туралы хабарландыру 2023 жылғы 31 қазанда «Егемен Қазақстан» республикалық газетінде жарияланды.

Қойылған талаптарға сәйкес рәсімделген құжаттар мен материалдар (жеке авторлар немесе олардың сенімді адамдарынан) газетте хабарландыру жарияланған күннен бастап 30 күн аралығында автордың тұрғылықты жері бойынша «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамында (бұрынғы ХҚКО) http://gov4c.kz сайтында мекенжайлар көрсетілген) қабылданады. Әрі қарай қарау үшін «Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясы» КеАҚ-на беріледі. 

Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Ғылым комитеті 2023 жылғы жыл сайынғы мемлекеттік ғылыми стипендияларға ізденіс конкурсын жариялайды.

– 75 мемлекеттік ғылыми стипендия,  оның ішінде 50 мемлекеттік ғылыми стипендия  қырық жасты қоса алғанда талантты жас ғалымдарға арналған.

Конкурсты өткізу туралы хабарландыру 2023 жылғы 31 қазанда  «Егемен Қазақстан» республикалық газетінде жарияланды.

Қойылған талаптарға сәйкес рәсімделген құжаттар мен материалдар (жеке авторлар немесе олардың сенімді адамдарынан) газетте хабарландыру жарияланған күннен бастап 30 күн аралығында автордың тұрғылықты жері бойынша «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамында (бұрынғы ХҚКО) http://gov4c.kz сайтында мекенжайлар көрсетілген) қабылданады. Әрі қарай қарау үшін «Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясы» КеАҚ-на беріледі.

2023 жылғы 14_қазандағы №517 бұйрық

Ғылым саласындағы сыйлықақыларды мемлекеттік ғылыми стипендияларды бекіту

Қағидалар

Қосымшалар

Мемлекеттік қызметін көрсету қағидалары

 

Прочитано 827 раз
Top