Құрметті, Дулати университетінің студент жастары!

М.Х. Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің студенттік жатақханаларында

Тараз қаласындағы Төле би көшесі 60 мекен жайындағы  №1 студенттер үйінде – 189, Қ. Сәтпаев көшесі 25 мекен жайындағы  №2 студенттер үйінде -53, Жамбыл даңғылы 16 А. мекен жайындағы  №3 студенттер үйінде - 83 бос орын,  жалпы 325 бос орынның бар екенін хабарлаймыз!

М.Х. Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің студенттік жатақханасына орналасу үшін университеттің «Platonus» деректер базасында https://platonus.dulaty.kz/ жеке логин/пароліңіз арқылы онлайн өтініш бере аласыздар.

Университеттің студенттік жатақханаларына орналасу үшін келесі құжаттар талап етіледі:

- белгіленген үлгідегі өтініш;

- жеке басын куәландыратын құжат.

- отбасы болған жағдайда, отбасының құрамы туралы анықтама;

- ата-анасының (ата-аналарының) қайтыс болуы туралы куәліктің көшірмесі (жетім балалар үшін);

- отбасында 4 немесе одан да көп баланың болуы туралы анықтама (көп балалы отбасылардан шыққан балалар үшін);

- Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2014 жылғы 1 сәуірдегі № 142-І бұйрығымен бекітілген нысан бойынша мүгедектігін растау туралы анықтама;

- мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алу үшін құқықты растау туралы анықтама немесе жан басына шаққандағы орташа табысы күнкөріс деңгейінен төмен отбасылардан шыққан балалар үшін атаулы әлеуметтік көмек көрсетудің жоқтығы туралы анықтама;

Шетел азаматтары үшін:

- белгіленген үлгідегі өтініш;

- студенттің төлқұжат көшірмесі.

Студенттерге қажетті күнделікті тұрмыста пайдаланатын жиһаздар қамтамасыз етілген.

Жатақханаларда студенттерге арналған түнгі оқу залдары, кинозалдар, үстел теннисі, акт залдары, хореграфия залы, компьютерлік класстар, «Жан сыры» психологиялық орталық, қызығушылығы бойынша клубтар бар.  

Прочитано 1159 раз
Top