ҚАЗАҚСТАНДА БІЛІМ БЕРУ ГРАНТТАРЫН ТАҒАЙЫНДАУ КОНКУРСЫНА ҚАТЫСУ ҮШІН М.Х. ДУЛАТИ АТЫНДЫҒЫ ТАРАЗ ӨҢІРЛІК  УНИВЕРСИТЕТІНДЕ ҚҰЖАТТАРДЫ ҚАБЫЛДАУ 16 ШІЛДЕ КҮНІ БАСТАЛДЫ

- Қазақстанда білім беру гранттарын тағайындау конкурсына қатысу үшін құжаттарды қабылдау 16-шілде күні басталып, 25-шілдеге дейін жалғасады. Қабылдау https://egov.kz электрондық платформада жүзеге асырылатын болады.

- Талапкерлер мен олардың ата-аналарының денсаулығын қорғау мақсатында Дулати университеттінің dulaty.edu.kz/ru/ сайтында виртуалдық қабылдау комиссиясы жұмыс істейді. Талапкерлерге онлайн режимінде  кеңес береді.

- Оқуға түсетін талапкерлер 6 - мамыр мен 1 - шілде аралығында өткен ҰБТ-ның екі нәтижесінің біреуін конкурсқа ұсына алады. Өтініш берген кезде талапкерлер аттестат, аттестатқа қосымшаның электрондық көшірмелерін және электрондық құжат нысанындағы көлемі 3×4 сандық фотосуретті, сондай-ақ басқа да құжаттардың көшірмелерін қоса тапсыруы қажет.

- Егер талапкер "Алтын белгі" иегері немесе отан сүйгіштік және белсенді азаматтық ұстанымы үшін ерекшелік белгісімен марапатталған болса, онда ол басқа үміткерлермен балдары тең болған жағдайда басым құқыққа ие болады. Олимпиадалар мен спорттық жарыстардың жеңімпаздары үшін де осындай артықшылықтар қарастырылған. Талапкерлердің мұндай жетістіктерінің ескерілуі үшін құжаттарды тапсыру кезінде растайтын құжаттардың көшірмелерін тіркеу қажет. Шет тілін меңгергенін растайтын халықаралық сертификат болған кезде өтініш беруші сертификаттың атауын, балын көрсетеді және электрондық сертификатты тіркейді.

- Сонымен қатар, биыл білім беру гранттарын бөлу кезінде ҚР БҒМ алғаш рет халықтың әлеуметтік осал топтарына квоталар бөлді. Енді көпбалалы немесе толық емес отбасылардан шыққан балалар, сондай-ақ ерекше қажеттіліктері бар балаларды тәрбиелеп отырған отбасылардағы талапкерлердің грант алу мүмкіндіктері жоғарылай түсті.

- Кәмелетке толмаған төрт және одан көп бала тәрбиелеп отырған отбасылардағы балалар үшін гранттардың жалпы санының 5%-ы, кемінде үш жыл толық емес отбасы мәртебесі бар отбасылардан шыққан балаларға – 1%, І, ІІ топтағы мүгедек балаларды тәрбиелеп отырған отбасылардан шыққан түлектерге білім беру гранттарының 1%-ы көзделген.

- Ақылы негізде оқуға өтініш білдіру Қазақстан Республикасының Электрондық https://egov.kz форматы арқылы онлайн жүзеге асырылады. Құжаттардың түп нұсқасын 25 - тамызға дейінгі аралықта қабылдау комиссиясына тапсыру қажет.

Прочитано 1407 раз
Top