ХАБАРЛАНДЫРУ

«М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті» КЕ АҚ

Факультет декандары және кафедра меңгерушілерінің бос лауазымдық орындарына конкурс жариялайды:

«ҰСТАЗ» ИНСТИТУТЫ

«Арнайы және әлеуметтік педагогика» кафедрасының меңгерушісі

1 бірл.

«Педагогика» кафедрасының меңгерушісі

1 бірл.

«Педагогикалық психология» кафедрасының меңгерушісі

1 бірл.

«Мектепке дейінгі және бастауыш білім беру» кафедрасының меңгерушісі

1 бірл.

«Қазақ тілі және әдебиет» кафедрасының меңгерушісі

1 бірл.

«Орыс тілі және әдебиет» кафедрасының меңгерушісі

1 бірл.

«Әлем тілдері» кафедрасының меңгерушісі

1 бірл.

«Білім берудегі шет тілдері» кафедрасының меңгерушісі

1 бірл.

«Білім берудегі математика» кафедрасының меңгерушісі

1 бірл.

«Физика және IT» кафедрасының меңгерушісі

1 бірл.

«Химия және биология» кафедрасының меңгерушісі

1 бірл.

«СУ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ЖӘНЕ ТАБИҒАТҚА ҮЙЛЕСТІРУ» ИНСТИТУТЫ

«Жерге орналастыру және кадастр» кафедрасының меңгерушісі

1 бірл.

«Өмір тіршілік қауіпсіздігі» кафедрасының меңгерушісі

1 бірл.

«Электр энергетикасы» кафедрасының меңгерушісі

1 бірл.

«Мұнай, газ және тау-кен ісі» кафедрасының меңгерушісі

1 бірл.

«Көлік техникасы мен технологиялары» кафедрасының меңгерушісі

1 бірл.

«Механика және машина жасау» кафедрасының меңгерушісі

1 бірл.

«ӨНЕР ЖӘНЕ СПОРТ» ФАКУЛЬТЕТІ

«Өнер және спорт» факультетінің деканы

1 бірл.

«Дене шынықтыру мен спорт теориясы» кафедрасының меңгерушісі

1 бірл.

«Спорттық пәндердің әдістемесі» кафедрасының меңгерушісі

1 бірл.

«Алғашқы әскери дайындық және дене тәрбиесі» кафедрасының меңгерушісі

1 бірл.

«Музыка және қолданбалы өнер» кафедрасының меңгерушісі

1 бірл.

«Дизайн және сән индустриясы» кафедрасының меңгерушісі

1 бірл.

«Мәдениет және өнер» кафедрасының меңгерушісі

1 бірл.

«ГУМАНИТАРЛЫҚ - ӘЛЕУМЕТТІК ҒЫЛЫМДАР» ФАКУЛЬТЕТІ

«Гуманитарлық - әлеуметтік ғылымдар» факультетінің деканы

1 бірл.

«Шетел филологиясы мен аударма ісі» кафедрасының меңгерушісі

1 бірл.

«Практикалық шетел тілдері» кафедрасының меңгерушісі

1 бірл.

«Тарих және география» кафедрасының меңгерушісі

1 бірл.

«Әлеуметтік психология» кафедрасының меңгерушісі

1 бірл.

«ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ» ФАКУЛЬТЕТІ

«Технологиялық» факультетінің деканы

1 бірл.

«Текстиль, материалтану және стандартизация» кафедрасының меңгерушісі

1 бірл.

«Туризм және сервис» кафедрасының меңгерушісі

1 бірл.

«Қолданбалы биология» кафедрасының меңгерушісі

1 бірл.

«ЭКОНОМИКА ЖӘНЕ ҚҰҚЫҚ» ФАКУЛЬТЕТІ

«Экономика және құқық» факультетінің деканы

1 бірл.

«Қаржы және есеп» кафедрасының меңгерушісі

1 бірл.

«Мемлекет және әкімшілік құқық» кафедрасының меңгерушісі

1 бірл.

«Қылмыстық құқық және процесс» кафедрасының меңгерушісі

1 бірл.

«Азаматтық құқық және процесс» кафедрасының меңгерушісі

1 бірл.

«Философия және саясаттану» кафедрасының меңгерушісі

1 бірл.

«АҚПАРАТТЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАР» ФАКУЛЬТЕТІ

«Техникалық физика» кафедрасының меңгерушісі

1 бірл.

«Қолданбалы информатика және бағдарламалау» кафедрасының меңгерушісі

1 бірл.

«Ақпараттық жүйелер» кафедрасының меңгерушісі

1 бірл.

«Автоматтандыру және телекоммуникация» кафедрасының меңгерушісі

1 бірл.

Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар:

-М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің  ректорының атына жазылған өтініш;

-кадрларды есепке алу бойынша жеке парағы (конкурсқа басқа ЖОО-дан қатысатын тұлғалар үшін);

-өмірбаян (конкурсқа басқа ЖОО-дан қатысатын тұлғалар үшін);

-жоғары білімі мен академиялық және ғылыми дәрежесі  туралы дипломдардың, ғылыми атағы туралы құжаттың нотариалды расталған көшірмелері (конкурсқа басқа ЖОО-дан қатысатын тұлғалар үшін);

- қайта даярлау және біліктілікті арттыру туралы сертификаттардың көшірмесі (болған жағдайда) және салыстыру үшін түпнұсқалары;

- ғылыми жұмыстар мен өнертабыстардың тізімі(болған жағдайда);

- денсаулығы туралы медициналық (санитарлық) кітапша (конкурсқа басқа ЖОО-дан қатысатын тұлғалар үшін);

- соттылықтың болуы немесе болмауы туралы анықтама;

-ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 27.04.2015 жылғы №272 бұйрығымен бекітілген «Наркологиялық ұйымнан анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша конкурсқа қатысушының тіркеуде тұрмайтыны туралы наркологиялық ұйымның анықтамасы; 

-ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 27.04.2015 жылғы №272 бұйрығымен бекітілген «Психоневрологиялық ұйымнан анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша конкурсқа қатысушының тіркеуде тұрмайтыны туралы психоневрологиялық ұйымның анықтамасы;

- даму бағдарламасы (қағаз және электрондық түрде, көлемі 10 слайдтан артық емес).

Конкурсқа қатысушы біліміне, кәсіби деңгейіне  қатысты қосымша ақпарат (ғылыми жарияланымдардың тізімі, алдыңғы жұмыс орнындағы басшылық берген ұсынымдар), сондай-ақ жұмыс тәжірибесін және біліктілігін растайтын құжаттар бере алады.

  1. Факультет деканының біліктілігіне қойылатын талаптар:

Негізгі талаптар

- жоғары және/немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

- ғылыми дәрежесінің (немесе PhD дәрежесінің) болуы;

- білім беру ұйымдарындағы басшылық лауазымдардағы жұмыс өтілі (кафедра меңгерушісі, факультет деканының орынбасары, ЖОО құрылымдық бөлімшелерінің басшысы) кемінде 5 жыл;

- ғылыми-педагогикалық жұмыс өтілі 10 жылдан астам;

- зейнет жасында болмауы;

- мемлекеттік тілде сабақ өткізу тәжірибесінің болуы;

- университет әкімшілігінің, білім алушылар мен оқытушылардан «Университет ПОҚ, қызметкерлері мен білім алушыларының академиялық адалдық ережелеріне» сәйкес ескертулері мен наразылықтарының болмауы.

Қосымша талаптар

- соңғы 5 жылда білім беру менеджменті бойынша біліктілікті арттыру курстарынан өткені туралы сертификаттың (куәліктің) болуы;

- оқу, оқу-әдістемелік (оқу-әдістемелік құралдар мен білім беру бағдарламаларының (ББ) авторлары болып табылатын) және ғылыми қызметтерде (соңғы 5 жыл ішінде ҚР БҒМ БҒССҚК ұсынған ғылыми басылымдар тізбесіне енгізілген басылымдарда және халықаралық рецензияланатын ғылыми журналдарда кемінде 5 ғылыми мақалаларды жариялауы) жетістіктердің болуы.

  1. Кафедра меңгерушісінің біліктілігіне қойылатын талаптар:

Негізгі талаптар

- кафедраның ББ сәйкес келетін жоғары және/немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

- ғылыми дәрежесінің (немесе PhD дәрежесінің) болуы;

- ғылыми-педагогикалық жұмыс өтілі 5 жылдан кем емес немесе мамандығы бойынша өндірістік өтілі 5 жылдан кем емес;

- мемлекеттік тілде сабақ өткізу тәжірибесі;

- шығармашылық сипаттағы ББ бойынша мамандар даярлауды жүзеге асыратын кафедраларда (Дене шынықтыру және спорт, Мәдени-бос уақыт жұмысы, Дизайн, Көркем еңбек және сызу, Бастапқы әскери дайындық, Хореография) «еңбек сіңірген», «құрметті» және ҚР Мемлекеттік наградалары бар, подполковниктен төмен емес әскери атағы, спорт шебері, спорт және өнер бойынша континентальдық және әлемдік ресми біріншіліктердің жеңімпаздары және т.б. ҚР ресми танылған атақтары бар маман басқара алады. Жоғарыда аталған атақтардың иегерлері «қауымдастырылған профессор» ғылыми атағына теңестіріледі;

- университет әкімшілігінің, білім алушылар мен оқытушылардан «Университет ПОҚ, қызметкерлері мен білім алушыларының академиялық адалдық ережелеріне» сәйкес ескертулері мен наразылықтарының болмауы.

Қосымша талаптар

- соңғы 5 жыл ішінде біліктілікті арттыру курстарынан өткені туралы сертификаттың (куәліктің) болуы;

- «Оқытушы студенттер көзімен» сауалнамасы бойынша нәтижелер 7,0-ден астам болуы;

- оқу, оқу-әдістемелік (оқу-әдістемелік құралдар мен білім беру бағдарламаларының (ББ) авторлары болып табылатын) және ғылыми қызметтерде (соңғы 5 жыл ішінде ҚР БҒМ БҒССҚК ұсынған ғылыми басылымдар тізбесіне енгізілген басылымдарда және халықаралық рецензияланатын ғылыми журналдарда кемінде 10 ғылыми мақалаларды жариялауы) жетістіктердің болуы.          

Өтініш беру мерзімі: хабарландыру жарияланған күннен бастап 20 күнтізбелік күннен  кешіктірілмеуі тиіс.

Мекен-жайымыз: 080000, Тараз қаласы, Ы.Сүлейменов көшесі, 7,  101 бөлме (1.1корпус)  (Персоналды басқару қызметі),

тел. 8-(7262)-43-27-77, 8-(7262)-43-26-38.

Хабарландыру  республикалық «Егемен Қазақстан» газетінің 2021 жылғы 08-маусымындағы №106(30085) санында жарияланған.

Конкурсқа қатысу үшін құжаттарды қабылдау 28.06.2021 дейін жүргізіледі.

Прочитано 2843 раз
Top