ӘСКЕРИ КАФЕДРАҒА КОНКУРСТЫҚ ІРІКТЕУ

ҚҰРМЕТТІ СТУДЕНТТЕР!

М.Х. Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті әскери кафедрасы запастағы сержанттар бағдарламасы бойынша конкурстық іріктеуге қатысуға ниет білдірген студенттерден (ұлдардан) 1 жыл оқу мерзімімен ақылы негізінде өтініштер қабылдайды.

Өтініштер бірінші, екінші (4 жылдық оқумен) және бірінші, екінші, үшінші (5 жылдық оқумен) курста оқитын Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылатын студенттерден (ұлдардан) қабылданады.

Өтініштерді қабылдау мерзімі 2021 жылдың 25 мамырына дейін.

Біздің мекен-жайымыз: Тараз қаласы, Төле би көшесі, 62.

Өздерімен бірге

  1. Жеке куәлік (түпнұсқа және көшірме).
  2. Тіркеу куәлігі немесе әскери билет (түпнұсқа және көшірме) ұлдар үшін.
  3. 3х4 көлеміндегі 2 фотосурет.
  4. Сотталғандығы болуы не болмауы туралы анықтама (электронды үкімет, egov.kz).
  5. Спорттық жетістігін (бар болса) растайтын құжаты.
  6. Студенттің нақты оқитындығы туралы «Білім алушыларға қызмет көрсету» орталығынан анықтамасы болуы тиіс.

Жергілікті басқару органдарында (Тараз қ. ҚІЖБ, Жамбыл облысы ҚІЖ (ҚІЖББ) бөлімдерде) медициналық куәландыру өту мерзімдері 2021 жылдың 25 мамырына дейін жоспарланған.

М.Х. Дулати атындағы Тараз өңірлік

университетінің әскери кафедра басшылығы

Прочитано 1295 раз
Top