Құрметті мектеп бітіруші түлектер!
2021 жылдың 30 сәуірінде М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті қашықтықтан өтетін «МЕН ПЕДАГОГ МАМАНДЫҒЫН ТАҢДАЙМЫН!» Республикалық педагогикалық олимпиадасына қатысуға шақырады. Педагогикалық олимпиадаға республиканың барлық жалпы орта білім беретін мектептерінің биылғы жылғы бітіруші түлектері қатыса алады.
Педагогикалық олимпиаданың мақсаты – цифрлы Қазақстан жағдайында үздіксіз педагогикалық білім беру жүйесін жаңғырту аясында педагогикалық кадрлардың дайындық сапасын арттыру мақсатында педагог мамандығына талантты түлектерді тарту. |
|||||||||||
Педагогикалық олимпиаданың міндеттері:
|
|||||||||||
ОЛИМПИАДА БАҒДАРЛАМАСЫ |
|||||||||||
Олимпиаданы өткізу тілі: қазақ және орыс тілдері |
Олимпиаданың іріктеу кезеңі онлайн форматта өтеді |
||||||||||
ТУР АТАУЫ |
БАҒАЛАУ КРИТЕРИЙЛЕРІ |
ЕРЕЖЕСІ |
|||||||||
«ВИЗИТКА» «МЕН ПЕДАГОГ МАМАНДЫҒЫН таңдаймын!» авторлық бейнеролик |
Максималды балл – 10 балл:
|
«МЕН ПЕДАГОГ МАМАНДЫҒЫН таңдаймын!» тақырыбында авторлық бейнеролик әзірлеу (3 мин.) Олимпиаданың бұл туры әлеуметтік желідегі дауыс саны арқылы бағаланады. Ең жоғары балл жинаған 20 қатысушы келесі турға өтеді. |
|||||||||
«ЭРУДИТ» білімділер сайысы ИНТЕЛЛЕКТУАЛДЫ ТУР |
Максималды балл – 10 балл:
|
«ЭРУДИТ» білімділер сайысы интеллектуалдық тур. Бұл турда мектеп оқушыларының теориялық білімдері бағаланады. Қатысушылар таңдаған бейіндік пәні бойынша тест сұрақтарына жауап береді. (Тест мектеп бағдарламасының екі бағыты бойынша таңдаған пәндерінен сұрақтарды қамтиды: гуманитарлық және жаратылыстану циклдері). |
|||||||||
«Егер мен ПЕДАГОГ болсам ...» инновациялық авторлық жоба |
Максималды балл – 10 балл:
|
«Егер мен ПЕДАГОГ болсам ... » инновациялық авторлық жобаны (идеяны) еркін форматта ұсыну. Қатысушыға еркін инновациялық педагогикалық жоба (эссе, постер, ғылыми жоба, педагогикалық ертегі, авторлық бейнеролик және т.б.) ұсынуға мүмкіндік беріледі. Қорғау уақыты: 3-5 мин. |
|||||||||
ОЛИМПИАДА ҚОРЫТЫНДЫСЫН ШЫҒАРУ |
|||||||||||
ЖЕҢІМПАЗДАРДЫ МАРАПАТТАУ |
Олимпиада жеңімпаздары арнайы дипломдамен, сертификаттармен марапатталады. БАС ЖҮЛДЕ - М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің білім беру гранты «БІЛІМ БЕРУ ГРАНТЫ – «DULATY 2021» ( Университет ережесіне сәйкес) |
||||||||||
Олимпиадаға қатысу үшін өтініш пен жұмысты 2021 жылдың 25 сәуіріне дейін Этот адрес электронной почты защищён от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра. электронды почта арқылы жіберу қажет (А қосымшасын қараңыз). |
Педагогикалық олимпиадаға қатысушының өтініші А қосымшасы
|
||||||||||
Байланыс телефондары: БУЗАУБАКОВА Клара Джайдарбековна 8 705 720 18 56 КУМИСБЕКОВА Жазира Науатбековна 8-777-745-49-79 |
Мекен-жайымыз: Қазақстан Республикасы, Тараз қаласы Жамбыл даңғылы 16а М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті «Ұстаз» институты «Білім берудегі менеджмент» кафедрасы |
||||||||||
ҚЫЗЫҒУШЫЛЫҚ ТАНЫТҚАНЫҢЫЗ ҮШІН ҮЛКЕН РАХМЕТ! ӨЗІҢІЗДІ АСЫҒА КҮТЕМІЗ, ЖАС ТҮЛЕК! |