2020 жылдың 7-8 желтоқсан аралығында КЕАҚ "М.Х. Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің аккредиттеу органдарының ұлттық тізімінде тіркелген Білім сапасын қамтамасыздандыру бойынша Тәуелсіз агенттігінде (БСҚБТА) 8 білім беру бағдарламасының мамандандырылған аккредиттеуінен өтеді.
"Дулати университеті" КЕАҚ-ны аралау барысында сыртқы сараптау комиссиясы өзін-өзі бағалау материалдары мен қорытындыларының дұрыстығын тексереді, университеттің және кафедраның құрылымдық бөлімдеріне барады, ЖОО-ның қызметіне және білім беру бағдарламаларына өзіндік тәуелсіз баға береді, университетке одан әрі жақсарту бойынша ұсынымдар әзірлейді және аккредиттеу органына ұсынымдарымен қорытынды есеп жасайды.
БСҚБТА ССК мүшелерінің университет басшылығымен, ғылыми кеңес мүшелерімен, кафедра меңгерушілерімен ресми кездесуі 2020 жылы 7 желтоқсанда сағат 9.00-де "Дулати университеті" КЕАҚ ҚР-ның Тұңғыш Президенті залында өтеді.