ҮЗДІКТЕРДІ АНЫҚТАЙМЫЗ!

Жыл үздіктерін таңдау мақсатында «Жыл студенті-2020» байқауы ұйымдастырылады. Байқауға Дулати  университетінің студенттері қатысады. Байқау төмендегі номинациялар бойынша өтеді:

  1. «Жыл студенті-2020»
  2. «Үздік волонтер-2020»
  3. «Ең үздік белсенді студент-2020»
  4. «Үздік студенттік деканат-2020»
  5. «Ең үздік студенттік ұйым-2020»
  6. «Ең үздік студенттік клуб-2020»
  7. «Ең үздік волонтерлік қозғалыс -2020»
  8. «Жыл серпіні-2020»
  9. «Жас ғалым-2020»
  10. «Үздік өнерпаз-2020»
  11. «Үздік волонтерлік жоба-2020»
  12. «Жас көшбасшы-2020»
  13. «Үздік омбудсмен-2020»
  14. «Үздік бейнеролик-2020»
  15. «Үздік медиа студент- 2020»

номинациялары бойынша байқауға (ары қарай байқау) арнайы ережеге сәйкес, университіміздің білімді, талантты, белсенді, дарынды жастарын іріктеп, үздіктердің-үздігін анықтауға бағытталған.

БАЙҚАУ ЕРЕЖЕСІ

Мақсаты: Бүгінгі студенттердің сапалы білім алумен қатар жан-жақты тұлға болып қалыптасуына ықпал ету, студент жастарды патриоттылыққа, шығармашылыққа баулу, эстетикалық дүниетанымын, ой-өрісін кеңейту мен ұжымдық мәдениетін арттыру. Сонымен қатар білім, ғылым, мәдениет салалары бойынша және облысымыздың қоғамдық-саяси  жұмыстарына белсене араласып, айтарлықтай жетістіктерге қол жеткізген студенттерді марапаттау болып табылды.

Міндеттері:

  • студент жастар арасында азаматтық белсенділік идеясын жүйелі түрде насихаттау арқылы олардың әлеуметтік белсенділігін арттыру;
  • мемлекет пен қоғамда дарынды, белсенді студенттерді қолдау мәселесін шешуге бағыттау;
  • студент жастардың өзін-өзі басқаруына жағдай жасау арқылы әлеуетін жетілдіру;
  • жастар ұйымдарының көшбасшылары мен студент жастар арасында байланыс орнатудың әлеуметтік және кәсіби оң имиджін қалыптасыру;
  • облыс студенттерінің этносаралық және мәдениетаралық қарым-қатынасын нығайту.

«Жыл студенті-2020» байқауының өткізілу мерзімі

2020 жылдың желтоқсан айының  5-14 аралығы.

Байқауға университетіміздің студенттері өтініш білдіру арқылы қатыса алады. Оған қоса, студенттік өзін-өзі басқару ұйымдары, жастар ұйымдарының көшбасшылары, студенттік клубтар, шығармашылық және орындаушылық қабілеттері бар жастар.

Университеттік «Жыл студенті – 2020» байқауына барлық студенттер, жастар ұйымдары және студенттік деканаттар қатысуға толық құқылы. Өтініштер мен ұсыныстар:

2020 жылдың 14 желтоқсанына дейін қабылданады.

Анықтама үшін мәліметтер: Тараз қаласы, Қ.Сәтбаев көшесі, 18 үй. Тел.: 87074561744

Прочитано 1838 раз
Top