«М.Х. Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті» КЕ АҚ

әскери кафедрасына түсуге конкурстық іріктеуге қатысатын

студенттерге  

ХАБАРЛАНДЫРУ

Әскери кафедраға түсу үшін студенттерді конкурстық іріктеу 2020 жылғы   12-21 қазан аралығында өткізіледі

Студенттерді кәсіби-психологиялық тестілеу 2020 жылдың 12-19 қазан аралығында өткізіледі

Тестілеудің екі түрі ұсынылады:

- Тараз қаласы мен жақын аудандарда тұратын студенттер үшін тестілеу компьютерлік сыныпта;

- шалғай өңірлерде тұратын және келу мүмкіндігі жоқ студенттер үшін онлайн-тестілеу қашықтықтан өткізу форматында өткізіледі.

Онлайн-тестілеуге қатысатын студентке қойылатын талаптар - міндетті түрде веб-камерасы бар компьютердің (ноутбуктің), интернет желісіне шығатын ұялы телефонның болуы

Тестілеу өткізілетін мекен-жай: Тараз қаласы, Төле би көшесі, 62

Дене шынықтыру дайындығы бойынша нормативтерді тапсырмайды.

Студенттердің дене дайындығы «Дене шынықтыру» пәнінің қорытынды бағалары бойынша бағаланатын болады.

Кәсіби-психологиялық тестілеуді өткізу кестесі мен онлайн-тестілеу тәртібі бойынша нұсқаулық университет сайтында және Instagram әлеуметтік желісінде орналастырылады.

Онлайн-тестілеуге қатысу үшін өтінімді университеттің, факультеттің және мамандықтың атауын, тегін, атын, әкесінің атын (бар болса) көрсете отырып Этот адрес электронной почты защищён от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.   электрондық поштасына 2020 жылғы 9 қазанға  дейін жіберуі керек.

Кәсіби-психологиялық тестілеуді тапсыруға студент бір рет жіберіледі.

Әскери кафедра басшылығы

Прочитано 1645 раз
Top