ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

М.Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университеті

«Университеттік технологиялық бизнес-инкубатор» корпоративтік қоры

Ақпараттық хат

Ұлы Абайдың175 жылдығыаясында«Университеттік технологиялық бизнес-инкубатор» корпоративтік қорыМ.Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетініңқолдауымен жалпы білім беретін мектептерінің оқушылары арасында белсенді және дарындыларды анықтау және оларға қолдау көрсету, олардың ғылыми-зерттеу жұмыстары мен инновациялық бағытын ынталандыру мақсатында«Ғылым таппай мақтанба...» тақырыбында«Үздік ғылыми жоба-2020» онлайн Республикалық байқауын жариялайды.

Байқаудың негізгі мақсаты:

1) оқушылардың ғылыми-зерттеу және оқу-танымдық жұмыстарын ынталандыру;
2) ой еңбегінің беделін арттыру;
3) ең талантты және дарынды жас зерттеушілерді іріктеу және оларға қолдау көрсету;
4) оқушылардың интеллектуалдық және шығармашылық әлеуетін көтеру. 

Байқау екі кезеңде өтеді: бірінші кезең – іріктеу кезеңі; екінші кезең – ақтық кезең.

Iріктеу кезеңінде арнайы комиссия   сәйкес бағалау өлшемдері бойынша ғылыми жобаларды қарап, әрбір жобаны рецензиялайды және ақтық кезеңге қатысушылардың тізімін анықтайды.

Ақтық кезең – жобаны қорғау және талаптарға сәйкесслайдтарын ұсыну. Жобаны қорғау кезінде авторғабаяндама үшін 5-7 минут беріледі. Ақтық кезең қатысушыларына қосымша сұрақтар қойылып, олардың тиістіпән бойынша мектеп бағдарламасымен шектелген теориялық білімдері тексеріледі.

Жобаны алдын ала сараптауда алынған баллдарды есепке ала отырып байқаудың қорытындылары шығарылады. Байқаудың екі кезеңінде де апелляция жүргізілмейді.

Әрбір жоба авторына арнайы сертификат беріледі. Ғылыми жетекшілеріне алғыс хат тапсырылады. 

Байқауға қатысушылар: іріктеу кезеңіне қатысу үшін - 1000 (бір мың) теңге; ақтық кезеңге қатысу үшін – 3000 (үш мың)теңге көлеміндегі ұйымдастыру жарнасын төлейді. 

Ұйымдастыру жарнасы жобаларды принтерден шығару, сертификаттар мен алғыс хаттарды, дипломдарды әзірлеу және ақтық кезеңді ұйымдастыру шығындарына жұмсалады. 

Бір автор (авторлар тобы) тек бір жоба тапсыра алады. 

Байқау төрт топ бойынша жүргізіледі.

І-топ. 1-4 сыныптары бойынша;

ІІ – топ. 5- 7 сыныптыры бойынша;

ІІІ – топ. 8-10 сыныптары бойынша;

ІV – топ. 11-сынып оқушылары.

Әр топ оқушылары арасындағы байқау жеңімпаздары (әр секция бойынша) І, ІІ және ІІІ дәрежелі дипломдармен, ал жетекшілері университет ректорының «Құрмет грамотасымен» марапатталады.Барлық марапаттау қағаздары электрондық нұсқада беріледі.

11-сынып оқушылары арасындағыбайқау жеңімпаздарына М.Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетінің тарапынан: гуманитарлық және жаратылыстану-техникалық бағыттар бойынша гран-при иелерінің әрқайсысынатегін білім гранты(жалпы 2 грант) және әр бағыт бойынша І–ІІІорын иегерлеріне тиісінше 75%, 50%, 25% жеңілдіктер беріледі.

Ескертулер:

1. Байқау онлайн режимде ZOOM бағдарламасы негізінде өтеді. Әр қатысушыға конференцияның идентификациялық нөмірі жіберіледі. 
2. 11-сынып оқушыларына арналған байқауға тек бір автордың жобасы бір ғана бағыт бойынша ұсынылады.
3. 11-сынып оқушылары байқауға қатысу үшін өздерінің жеке Facebook, Instagram, ВКонтакте парақшаларында «Мен ТарМУ-ды таңдаймын» тақырыбында пост жариялап, сілтемесін ұйымдастыру комитетіне жіберуі тиіс.
4. Грант және жеңілдік иегерлері ҰБТ нәтижесімен ҚР Білім және ғылым министрлігінің жоғары оқу орындарына қабылдау ережесі талаптары негізінде университетке қабылданады. 
5. Грант иегерлеріне шәкірт ақы тағайындалмайды.
6. «Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымдарының бітірушілері аталған тегін білім грантының және жеңілдіктердің иегерлері атана алмайды. Олар конкурстан тыс қатысып,  байқау нәтижесі бойынша І–ІІІ орын дипломдармен марапатталуы мүмкін.
7. Байқау нәтижесі бойынша екі бағыттың бірінде жеңімпаз жоба болмаса, онда ұйымдастыру комитеті грант пен  жеңілдіктерді бір бағыттағы жобаларға беруге құқылы.

Байқау мына бағыттар бойынша жобалар қабылдайды:

Рет

Секция

e-mail

Гуманитарлық бағыт 

1.  

Филология 

zhasdarynzhoba1@mail.ru

2.  

Тарих және география  

zhasdarynzhoba1@mail.ru

3.  

Экономика және құқықтану

zhasdarynzhoba2@mail.ru

Жаратылыстану-техникалық бағыт

4.  

Математика және информатика

zhasdarynzhoba2@mail.ru

5.  

Химия, биология және экология

zhasdarynzhoba3@mail.ru

6.  

Техника және технология. Физика және астрономия

zhasdarynzhoba3@mail.ru

ЖОБА ТАЛАПТАРЫ

1.Ғылыми жобаларды ресімдеу. Оған қойылатын талаптар:

жоба мәтіні компьютерде басылуы керек және мынандай құрылымнан тұрады:
титул парағы;
мазмұны;
қазақ немесе орыс тілдерінде жобаның қысқаша мазмұны(аннотация);
кіріспе;
зерттеу бөлімі;
қорытынды;
пайдаланылған әдебиеттер тізімі;
жетекшінің пікірі.

Титул парағында мыналар көрсетіледі:жұмыс орындалған ұйымның толық атауы, мемлекеті, қаласы, мектебі;автордың (біріккен автордың) тегі, аты, сыныбы;жұмыстың атауы;жұмыстың дайындалған бағыты (секциясы);жетекшінің тегі, аты, әкесінің аты;электрондық поштасы; қаласы (жарыстың өтетін жері), жылы.

Түйіндеме (аннотация) (250 сөзден артық емес) мыналарды қоса алғанда, жобаның қысқаша мазмұнын білдіреді:зерттеудің мақсатын;кезеңдерін, зерттеудің рәсімін;эксперименттің әдістемесін;зерттеудің жаңалығын және дербестік дәрежесін;жұмыстың нәтижесін және қорытындысын;нәтижелерді практикалық қолдану салаларын.

Кіріспеде (екі беттен артық емес) мыналар келтіріледі: зерттеу тақырыбының өзектілігін, жұмыстың мақсаты (міндеті), алға қойылған міндеттерді шешу әдісі қысқаша көрсетіледі.

Жұмыстың зерттеу бөлімі (10 беттен артық емес) жеке бөлімдерден (параграфтардан) тұруы мүмкін және мына құрылымда: таңдап алынған жұмысты атқарудың қажеттілігіне көз жеткізу және мақсатын (міндетін) құрастыруға мүмкіндік беру; таңдалған тақырып бойынша 

нәтижелерге талдама шолу жасау;алға қойылған міндеттерді шешудің әдістерін сипаттау;жұмыстың нәтижесі және оны талқылау;безендірілген материал (сызбалар, кестелер, фотосуреттер және суреттер т.б.).

Пайдаланылған әдебиетке сілтемені төртбұрышты жақшада беру керек, мысалы [4]. 

Мәтінде кездесетін сілтемелерге орай нөмірлеу жүйелі болуы керек.

Қорытынды (бір беттен артық емес) негізгі жұмыстың нәтижелері (1-5) және олардың негізінде жасалған қорытындыларын (1-2), жұмыстың нәтижелерін ғылыми және практикалық мақсаттарға пайдалану жөніндегі ұсыныстарды қамтиды.

Пайдаланылған әдебиеттер жұмыс соңында жалпы тізіммен мынандай тәртіпте беріледі:
автордың тегі және қысқартылған аты-жөні;мақаланың және журналдың аты (журналдық мақалалар үшін);журналдың, кітаптың аты;басып шығарылған орны және баспа (кітаптар үшін);басылған жылы, шығу нөмірі, беті.

Әрбір жұмыста таңдалған тақырыптың өзектілігі, автордың жұмысқа сіңірген жеке еңбегі, жұмыстың кемшіліктері және нәтижелерін әрі қарай пайдалану жөніндегі ұсыныстар сөз болған жетекшінің пікірі қоса берілуі керек.

Байқауға қатысатын жұмыстарды бағалаудың негізгі критерийлері: жұмыстың өзектілігі, зерттеудің ғылымижаңалығы, жұмыстың зерттеу сипаты, жұмыстың практикалық мәнділігі, жұмыстың теориялық мәнділігі, баяндау сауаттылығымен логикалығы (ақтық кезеңде), зерттеуге автордың қосқан жеке үлесі.

2. Өтініш толтыру.

3Қазақстан аумағындағы кез-келген банкте байқаудың ұйымдастыру жарнасын төлеу.

4Төлем жүргізілгеннен кейін авторлар жобаның электронды нұсқасын, өтінішті және төлем түбіртегінің сканерленген көшірмесін жеке-жеке файлмен байқау бағытына сәйкес жоғарыда көрсетілгенэлектрондық поштаға жіберулері керек.Файлдар мына тәртіп бойынша аталуы тиіс: (Мысалы: «Аманкелді жоба», «Аманкелді өтініш», «Аманкелді төлем»«Аманкелді кесте»).

Ұйымдастыру комитеті байқауға қатыстырылған жобалардың мәліметтер базасынқалыптастырады. Осыған орай Сіздерден  төмендегі үлгі бойынша кестені толтырып, жеке файл ретінде жолдауларыңызды сұранамыз.

«Бизнестегі инженерия» тақырыбындағы физика пәнінен үйірме

Жоба авторы:

Сағат Нұрқанат, «Александр Пушкин атындағы №6 орта мектебі» КММ 11-сынып оқушысы, Қазақстан, Жамбыл облысы, Жуалы ауданы

Жоба жетекшісі:

Умирзахова Рабиға Умирбековна

Жобаның мақсаты мен міндеттері:

Оқушылар арасында техникалық мамандық таңдауда физика пәнінен үйірме ашу болып табылады.Қазақстанда инженерия саласын дамытуға бағытталған жоғарғы мектеп оқушыларына арналған инженерия үйірмесінің қаншалықты тиімді, әрі өнімді екендігін анықтау.

Қысқаша мазмұны:

Жұмыста тақырыптың мәніне қатысты қазіргі таңдағы Қазақстан үшін инженерлердің тапшылығы ең басты проблемалардың бірі болып саналады және олардың санын арттыру елдің дамып, алға басуына мүмкіндік береді. Бұл үйірме орталығы оқушыларды теориялық білімді практикада қолдана білу дағдысына үйретуге бағытталған. Қазақстандағы инженерия саласын дамыту мақсатында оқушыларға инженерияның негізін түсіндіру және әртүрлі практикалық жобалар жасату арқылы олардың инженерияға қызығушылығын арттыруға болады.

Ескерту!Талаптарға сай емес жобалар байқауға қатыстырылмайды. 

Тіркелу үлгісі

«Үздік ғылыми жоба -2020»

1. Автордың аты-жөні (толық):Сағат Нұрқанат Нұрматұлы
2. Сынып:
3. Ғылыми жетекшінің аты-жөні:УмирзаховаРабигаУмирбековна
4. Жұмыс орны (қызметі):Жуалы ауданы, А.Пушкин атындағы, №6 орта мектеп, физика пән мұғалімі
5. Мекен-жайы (жұмыс орнының):Қарасаз ауылы, Алтынсарин көшесі №35
6. Ұялы байланыс:87..............
7. Е-mail(міндетті түрде):Этот адрес электронной почты защищён от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.
8. Жоба тақырыбы:«Бизнестегі инженерия»
9. Бағыты:Жаратылыстану-математикалық 

БАҚЫЛАУ КҮНДЕРІ

Жобаларды қабылдау– 2020жылдың30сәуіріне дейін

Іріктеу кезеңі – 2020жылдың 1-5 мамыр аралығында

Ақтық кезеңге жолдама алған жоба авторларына шақырту жіберу – 6-8 мамыр, 2020 жыл

Ақтық кезең – 16 мамыр, 2020 жыл

Сертификаттар мен алғыс хаттар өтініште көрсетілген электрондық поштаға жіберіледі.

Ұйымдастыру комитетінің мекен-жайы:

080013, Тараз қаласы, Сәтбаев көшесі, 28

Тел.: +7 7027943490 (whatsapp),Жауапты тұлға  Шилібек Кенжеғали Қошқарбайұлы

         + 7 7055728416 (whatsapp), Жоламанов Нұржан Жақанұлы

Корпоративный фонд «Университетский технологический бизнес инкубатор»

080013, Республика Казахстан, Жамбылская область, г.Тараз, ул. Сатпаева, дом 28

БИН 071240019072  Кбе 19

ИИК  KZ576017161000003176

АО «Народный Банк Казахстана»,  

БИК    HSBKKZKX (с пометкой: «Конкурс - 2020»)

Прочитано 2809 раз
Top