ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙ КЕЗІНДЕ ЖАТАҚХАНА СТУДЕНТТЕРІНЕ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ҚОЛДАУ КӨРСЕТУ
«14» қантар 2022 ж. Университетіміздің психологиялық-педагогикалық қолдау орталығының психологы Абдрахманова Айгуль Турсынбаевна №3 -жатақхана студенттерімен кездесті. А.Т.Абдрахманова «Студенттер арасындағы конфликтілі жағдайдын алдын алу жолдары» және «Ізгілік - адамның басты рухани - адамгершілік құндылығы» тақырыптарында түсініктеме берді. «Конфликт дегеніміз конфликті субъектілерінің қарама-қарсы әрекеттері мен әдетте негативті эмоциялармен жүретін өзара әрекеттерінің үрдісінде пайда болатын қарама-қайшылықтарды шешудің өткір жолдары». Егер қарсы әрекеттер болып, негативті сезімдер болмаса, немесе керісінше негативті эмоциялар болып, қарсы әрекеттер болмаса, онда мұндай ситуациялар конфликтінің алды болып саналады. Адамды белгілі бір білім қорымен қаруландыру ғана емес, білім алушыны рухани-адамгершілік тұрғыда дамыту, өнегелі өмірлік өскелең жолға бастау. Осы тұрғыда «Ізгілік –адамның басты құндылығы» -деп Сара Алпысқызы айтқандай «Мен шын көңілден Сүйіспеншілік дегеніміз қасиетті құбылыс санаймын. Оның әрбір көрінісі қоршаған әлемге деген құштарлық бізді одан әрі ізгілікке бастап, жетілдіре түседі.» Соның ішінде ізгілік ақылдың шешімі, ізгі жүрек, ізгі сезім, махаббат пен жанашырлықтың саналы және санадан тыс әрекеттерден көрінуі. Абай атамыз айтып кеткендей, «Толыққанды адам» қалыптаспақ, яғни адам бойында қандай қасиеттер орын алады, оның жақсы-жаман жақтары барына тоқталды. Студенттер де өз ойларын ортаға салып, белсене араласты, соңынан «Адамның ішкі эмоционалдық күйі мен ішкі қақтығыс» тақырыбында тренинг өткіздім, драматерапия, «Стрессті азайту» жаттығулары өткізілді және жатақхана студенттермен жеке кеңестер берілді.