Жастар арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру.
Жастар арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру жөніндегі «М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті» КЕ АҚ және ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Жамбыл облысы бойынша департаментімен бекітілген жоспарға сәйкес 2023 жылы 14 қараша күні университеттің комплаенс-қызметінің бастамасымен "Су шаруашылығы және табиғатты үйлестіру" институтының студенттерімен және оқытушыларымен кездесу өткізді. Кездесуде Агенттік пен комплаенс-қызметтің қызметшілері ҚР қолданыстағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамасына, "сыбайлас жемқорлыққа қарсы волонтерлік" жобасы туралы түсініктеме берді, сондай-ақ бейнероликті көру ұйымдастырылды.