«Өнер және спорт» факультетінің профессорлық-оқытушылық құрамымен кездесу

Ағымдағы жылдың 01 наурызы күні Жамбыл облысының полиция департаменті жолдаған ұсыныс бойынша және сыбайлас жемқорлықты алдын алу мақсатында университеттің комплаенс қызметі «Өнер және спорт» факультетінің профессорлық-оқытушылық құрамымен кездесу өткізді. Шараға шақыру бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің Жамбыл облысы бойынша өкілі, алдын алу басқармасының бас маманы А.И. Әжібаев қатысты.

Университеттің Комплаенс қызметі тыңдаушыларға Жамбыл облысы бойынша полиция департаментінің жоғарыда аталған факультет оқытушылары Р.Мамырқұлов пен Р.Баялиевтің студенттерге қатысты алаяқтық жасағаны туралы баяндамасын оқыды. Сонымен қатар, «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу, комплаенс қызметінің мақсаттары, міндеттері, функциялары туралы мәселелер талқыланды.

Жиын соңында шараға қатысушылардың сұрақтарына жауаптар берілді.

Жауапты тұлғалар тиісті хаттама жасады.

234

Top