Жастар арасындағы өзекті мәселелерді талқылауға арналған кездесу қонақтары Алпысбаев Бахтияр Қаржаубайұлы - Дулати университетінің дінтану орталығының бас маманы; Белгибаев Канат Шынгысович – Жамбыл облысы полиция департаменті есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының бөлім басшысы; Сухарев Андрей Викторович - аға жедел уәкіл полиция майоры; Дидарбеков Жанибек Бакытжанович - сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс қызметінің басшысы; Байзаков Газиз Каримжанович – сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс қызметінің бас маманы; Қадірімбетова Айша Қазақбаевна – «Ақпараттық технологиялар» факультеті деканының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары.
Жоғарыда аталған қонақтар - еліміздің дамуына, тынымсыз еңбектенетін өз істерінің шебері.
Студенттердің қойған сұрақтарына толық жауап беру арқылы кездесу қонақтары жастардың құқықтық мәдениеті мен сауатын тереңдетуге, олардың бойына идеялық құндылықтар мен адамгершілік қасиеттерді қалыптастыруда өз үлестерін қосты.
Құқықтық сауатты, зерделі ұрпақ - бұл біздің болашағымыз.
Жастардың құқықтық және діни сауатын көтеру мақсатында осындай іс-шаралардың маңызы зор.