Жең ұшынан жалғасқан жемқорлыққа жол ашады

Сыбайластық әрекеттері қоғамның дамуына кері әсерін тигізеді. Тұралатады, тұрақты дамуына кедергі. Тіпті, үлкен олқылыққа әкеліп соғып, опындыратын кездері де көп. Сыбайлас жемқорлық туралы осындай пікірлер көп айтылады. Оның тигізген залалы туралы да мысалдар көп. Ал оған қарсы қалай күрес жүргізіледі?

М.Х.Дулати  атындағы Тараз өңірлік университетінің «Ақпараттық жүйелер» кафедрасының аға кураторы Л..Абдыкеримованың ұйымдастыруымен  Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің бас маманы А. Әжібаевпен  «Жемқорлыққа жол жоқ» атты кездесу өтті. Ашық диалог форматында өткен іс-шарада жең ұшынан жалғасқан сыбайластық әрекеттерінің қоғамның тигізген кедергілер туралы айтылды. Кез келген проблеманы төтесінен шешуге ұмтылудың жемқорлыққа жол ашатындығы сөз болды.

Дулати университетінің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс қызметінің басшысы Ж. Дидарбеков мұндай кездесулерден студенттердің алар тәлімі көп екенін айтады. Жалпы жастардың бойында жемқорлыққа деген қарсы көзқарас қалыптастырып, сыбайластыққа бейім болмауы үшін осындай іс-шаралар ұйымдастыру арқылы санаға әсер ету керек деп есетейді.

2

3

4

 

Top