Амиртаева.jpg

АБДРАХМАНОВА АЙГУЛЬ ТУРСЫНБАЕВНА

психолог

Байланыс: 87056145726, Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс.

Буйембаева Шынар Бакытжановна%20

БУЙЕМБАЕВА ШЫНАР БАКЫТЖАНОВНА

психолог

Байланыс: 87077632529,Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс.

Психологиялық-педагогикалық қолдау орталығы өз қызметін студенттердің психикалық және жеке дамуы үшін ең қолайлы психологиялық-педагогикалық жағдайларды қамтамасыз ету, университет ұжымында қолайлы психологиялық климатты қалыптастыру, білім беру процесінің барлық субъектілеріне жан-жақты психологиялық қолдау көрсету мақсатында жүзеге асырылады.

Педагог-психолог жұмысының мақсаты:

– студенттерге жеке тұлғаны дамыту, позитивті әлеуметтену, кәсіби даму және өмірде болып тұратын мәселелері өздігінен уақытылы және жан-жақты шешіп үйретуге бағытталған психологиялық көмек көрсету.

Университет психологына хабарласуға болатын сұрақтар:

  1. Оқудағы қиындықтар. Кейбір студенттер өздері қалағандай оқи алмайды. Мұның көптеген себептері болуы мүмкін. Мысалы, есте сақтау қабілеті жақсы емес, шашыраңқы көңіл-күй, мотивациясының жоқтығы немесе мұғаліммен проблемалар, тағы да басқа мәселелер. Консультация барысында біз мұның себебі неде және оны қалай түзетуге болатынын анықтауға тырысамыз.
  2. Топтағы қарым-қатынастар. Өзгелермен оңай байланыс табатын, кез-келген, тіпті таныс емес компанияда оңай тіл табысатын адамдар бар. Бір-бірімен танысуға қиын болатын адамдар да бар, Психологтың көмегімен Сіз әртүрлі жағдайлардағы адамдармен үйлесімді қарым-қатынас құру тәсілдерін біле аласыз.
  3. Ата-аналармен қарым-қатынас. Кейде біздің ең жақын адамдарымыз – ата-аналарымызбен ортақ тіл мен жылы қарым-қатынас жоғалады. Жанжалдар, өзара түсінушіліктің болмауы – әдетте балалар мен ата-аналарға ауыртпалық әкеледі. Психолог Сізге ата-анаңызбен жаңа қарым-қатынас орнатуға және оларды түсінуді үйренуге, ата-анаңызды қалай түсінуге және қабылдауға болатын жолдармен бөліседі.
  4. Өмір жолын таңдау. Егер Сіз қай жолмен жүргіңіз келетінін білмесеңіз, психологпен сырласуға мүмкіндік бар. Бұл Сіздің армандарыңызды, тілектеріңізді және мақсаттарыңызды жүзеге асыруға, ресурстарыңызды, бейімділіктеріңізді және қабілеттеріңізді түсінуге көмектеседі.
  5. Өзін-өзі басқару және өзін-өзі дамыту. Біздің өміріміздің қызықты әрі көп қырлы болғаны соншалық, ол бізге үнемі көптеген міндеттер қойып отырады. Олардың көпшілігі керемет күш-жігер мен жеке қасиеттер мен дағдыларды дамытуды қажет етеді. Көшбасшылық немесе дауласу дағдыларын, логикалық ойлауды немесе шығармашылықты дамытуға болады. Сіз өзіңіздің өміріңізді басқаруды, мақсат қоюды және оларға тиімді жетуді үйрене аласыз. Психолог дегеніміз – белгілі бір сапалар мен дағдыларды дамыту технологиясының иесі және Сіздермен осы технологияны қуана-қуана бөлісетін адам.
Top