МҰРАЖАЙ
Мұражай меңгерушісі
Байланыс номері: 8(702) 332-30-21, 8(707) 244-09-34
E-mail: Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс.
Адрес: ул. Сулейманова 7
Біздің университетіміз облысымыздағы білім ошағы ғана емес үлкен мәдени орталық. Қазақстанда санаулы жоғары оқу орындарында ғана өз университет тарихынан сыр шертетін университетте музей бар. Бүгінгі таңда музей мәдени институт мәртебесіне ие болып, халықтың білім деңгейін артаырып, оларға эстетикалық тәрбие берудегі басты факторының біріне айналды. Музейге қарап, оның Тараз өңіріндегі халықтың тыныс- тіршілігінен толықтай мәлімет алып, қыр-сырын тануға болады. Ол біздің болашақ жастарымыздың өркениеттілігінің белгісі. Студенттеріміздің рухани ой-өрісін дамытуда, мәдени сауатын арттыруда қосып отырған үлесі де зор.
Зал көріністері
1-зал
Мұражай ішіндегі жәдігерлер жоспарлы түрде жылына бір рет инвентарлық тексеруден өткізіледі. Ал қоры негізінен сыйға тарту арқылы толықтырылады, Сондықтан «Мұражайға сый тарту» акциясын өткізу туралы ректордың тікелей өкім етуімен 2019 жылдың 16-26 қазан аралығында университетте Рухани жаңғыру бағдарламасы аясында «Университет музейіне сый тарту» акциясы өткізілді. Аталған іс-шараға университеттің барлық факультеттері мен құрылымдық бөлімдерінің қатысуы міндеттелді.
Бұдан басқа мұражай қорына сыйға тарту арқылы ұйымдастырылған акцияның көмегімен торсықтар, қылқобыз, ағаш ыдыс-аяқтар, әшекей бұйымдар, басқа елдердің теңгелері, студенттердің дипломдық жұмысынан жақсы жұмыстары да, жиналып қойылған. Музейдің кейбір экспонаттары ағаш, тері, мата, тоқыма, киіз, қағаз, темір заттарынан жасалғандықтан жәдігерлерді шаң–тозаңнан тазалау үшін аптасына бір рет күрделі санитарлық тазалықтан өткізіп отырамыз. Жылына бір рет биологиялық режимді сақтау үшін СЭС тарапынан дезинфекциялау жүргізіледі.
Бірінші зал: XVIғ. – ғасырдың ұлы ғалымы, тарихшысы, ойшыл, мемлекет қайраткері М.Х.Дулатиге арналған зал. Мұнда университетімізде тарихи үрдісіне айналып үлгерген, М.Х.Дулати бабамызға арналған халықаралық ғылыми конференциялардың материалдары мен фотостендтері ілінген. М.Х.Дулатиды әлемге танытқан төл еңбектері «Жаһаннама», «Тарих-и-Рашиди» кітаптары, фотосуреттері, сондай-ақ, залдың төрінде бабамыздың бюстінің орналасуы – залдың көркін ашып, ерекшелендіріп тұрады. Жалпы қазақ Герадоты атанған тарихшы, ғұлама ақын әрі дипломат Мұхаммед Хайдар Дулати бабамыздың өмірі мен шығармашылығы жайында мол деректер жинақталған.
1999 жылы университетіміздің білімді де білікті профессорлары мен ғалымдары бастаған делегация өкілдері, Үнді жерінің Кашмир штаты, Сринагар қаласына бабамыздың жерленген жеріне барып, құран бағыштап жамбасы тиген жерден туған еліне топырағын әкелді. Залдағы ең құнды жәдігер ретінде музейдің төрінде сақтаулы. Үнді жерінен алып келген сыйлық кітаптар және бейне таспалар осы залда орналасқан.
Арадан 19 жыл өте 2018 жылдың каңтар айының 23-28 аралығында М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетінің тоғыз адамынан құралған делегациясы Үндістанға сапар шегіп, Кашмир аймағының Сринагар қаласындағы М.Х.Дулати қабірінің қайта жаңғыртылу рәсіміне қатысып қайтқан еді. Осы сапардың аяқталуына арналған митинг Ұлы бабаның ескерткіші алдында өтті. Митингіні педагогика ғылымдарының докторы, профессор және университетіміздің ректоры М.Н.Сарыбеков ашқан.
М.Х.Дулатидың қайта қалыпына келтірілген, жөнделіп, жаңартылған қабірін жаңадан жасалынған анықтамалық тақтаға жазылған мәтінді біздің университет ғалымдары көріп, ондағы ұйымдастырылған ресми іс-шараларға қатысты. «Мұхаммед Хайдар Дулати – Үндістан және Қазақстан қарым-қатынасының алтын көпірі»атты ғылыми-практикалық конференциясы өткен. Конференцияда атқарылған жұмыстарды ескере отырып, музей ішіне тағы бір стенд бұрышы жасалынып, осы М.Х.Дулати бабамызға арналған залынан орын алды. Осыған орай университет музейіне ректорымыз Үндістаннан әкелінген чайник самоварды табыс етіп, қордың молайюына үлесін қосты.
Екінші зал: Жамбыл облысының институттары мен университеттерінде басшылық қызметте болған ректорлар залы – Жамбыл облысы институттарында және Тараз мемлекеттік университетінде басшылық қызметте болған ректорлардың портреттері ілінген және еңбектері, алғыс хаттар, құттықтау қағаздары қойылған. Залдың төрінде Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың университет ұстаздары мен студенттеріне жылы лебізін білдірген қолтаңба дәптері, сондай-ақ отырған орындығы, үстелі сақтаулы тұр.
Мұражайдың үшінші залы университеттің кешегі мен бүгінгі даму тарихына арналған үлкен бөлімнен тұрады. Залда ҰОС ардагерлеріне, университетінің алғашқы белгілі спорт шеберлеріне, білімгерлердің спорттық жетістіктері туралы фотостенд, дипломдар, кубоктар, марапаттау қағаздары көрініс тапқан. Залға сонымен қатар «Біздің түлектер» университетімізден білім алып үлкен-үлкен қызметте отырған қоғам қайраткер аға-апкелеріміздің суреттері мысалы: мақтаныштары атақты Г.Абдықалықова, А.Смақова, И.Тортаев, С.Қонақбаев, Б.Жұмәділов, Б.Артаев, О.Сәттібаев., Б.Ыстыбаев осы оқу орнының түлектері атты бұрыш жасалынып онда.
Мұражай залында университеттің барлық факультеттері, құрылымдық бөлімдері, әскери кафедрасы жайлы толық мәліметтер фотостенд түрінде берілген. Әр факультеттің бүгінгі күнге дейінгі ғылыми-педагогикалық баспадан шығарылған жинақтары, жетістіктері, наноинженерлік ғылыми зертхана ғалымдарының еңбектері қойылған. Қоғам қайраткері, ғалым М.Ф.Үркімбаевқа арналған бұрыш жасалынған.
Мұражай қорында 1958 жылдан бастап қаланған өңіріміздегі іргелі оқу ордасының, үш институттың даму тарихын көрсететін архивтік материалдар, фотосуреттер, құндылығы бар құжаттар сақталған.
Халықаралық байланыс (4 ) залында: университетіміздің алыс және жақын жоғарғы оқу орындарымен келісім шарт жасалынған «Мемарандум» кітабы, ғылыми, мәдени байланыстар жасалынған Азия, Европа және Америка елдеріндегі жоғары оқу орындарының ту белгілері және келген қонақтардың қолтаңбасы мен тілектері жазылған кітап қойылған. Бөлімдегі стендттерде АҚШ-тың Фресно, Индиана университетімен жасалған келісім шарттары, ғылыми педагогикалық байланыстары туралы мәліметтер, ТарМУ-дің Италия мемлекетінің Болония қаласындағы Ұлы Хартия құрамына мүшелік болуы туралы келісімге қол қою рәсімінен суреттер, СМЖ туралы фотостендттер ілінген. Сонымен қатар осы залда орналасқан дөңгелек үстелде студенттермен жиі кездесулер, әр түрлі фото сессиялар т.б іс-шаралар өткізіледі.
Соңғы 5-зал– қазақ халқының тұрмыстық-этнографиялық өмірін бейнелейтін қолөнер туындыларымен көрініс береді. Ерекше бағаланатын құнды жәдігерлер университеттің профессор-оқытушы құрамының, студенттердің дипломдық жұмыстарынан жасалынған жұмыстары музейге сыйлаған жәдігерлерімен жинақталған, сондай-ақ, Жамбыл облысы өңірінің қысқаша тарихи этнографиялық көрінісін береді. Бұл зал шетелден келген қонақтардың үлкен қызығушылығын тудырады. Зал экспонаттары бай материалдарға толы, ертедегі шаруашылық астық сақтайтын құмыра VII-VIII ғ.ғ. құралдары, пышақтар, балталар, керамикадан, қоладан, мыстан, тастан, теріден, жүнен жасалған үй шаруашылық бұйымдары қойылған. Орта ғасырлардағы белбеу мен жүген, ер тоқым, ер тұрман, ескі ақшалар, XVIII ғ. күмістен жасалған тұмарша, білезіктерді кездестіруге болады.
Сонымен қатар, мұражайға келушілерді қызықтыратын ерекше орын - «Табиғат атауы» атты бөлім. Мұнда Қаратау өңірі, Берікқара ауылының шебер қолды тұрғыны жасаған аңшылық шитті мылтық сыйға тапсырылған. Мойынқұм ауданы сыйға тартқан мулляж, сондай-ақ, қазақ қасиетті тұтатын қыран бүркіт, қаршыға, талас қырғауылы, бөдене, сұңқар сияқты құстар да сақтаулы тұр.
Университетіміз осы бағытта педагогика ғылымдарының докторы, профессор М.Н.Сарыбеков басшылық жасайтын М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің мұражайы 2018 жылы үлкен капиталдық жөндеуден өтіп, көздеген жұмыстарын еш алаңсыз атқарып жатқан даму белес істері де жетерлік.
Университетімізде жылдар бойы жиналған құнды дүниелеріміз келешек ұрпаққа мұрты бұзылмай, жүйеленіп, айшықталған күйінде жетуге тиіс. Бүгінгі күніміз ертең-ақ тарихқа айналады. Ол тарихта жаңа заманды бастаған серпінді Қазақстанның мәдени талғамы мен парасаты биік көрінуі керек. Осылай деп сенеміз және осы жолда аянбай еңбек етуіміз қажет.
Ерекше бағаланатын құнды жәдігерлер университеттің профессор-оқытушы құрамының, студенттердің дипломдық жұмыстарынан жасалынған жұмыстары мұражайға сыйлаған жәдігерлерімен жинақталған, сондай-ақ, Жамбыл облысы өңірінің қысқаша тарихи этнографиялық көрінісін береді. Бұл зал шетелден келген қонақтардың үлкен қызығушылығын тудырады. Зал экспонаттары бай материалдарға толы, ертедегі шаруашылық астық сақтайтын құмыра VII-VIII ғ.ғ. құралдары, пышақтар, балталар, керамикадан, қоладан, мыстан, тастан, теріден, жүнен жасалған үй шаруашылық бұйымдары қойылған. Орта ғасырлардағы белбеу мен жүген, ер тоқым, ер тұрман, ескі ақшалар, XVIII ғ. күмістен жасалған тұмарша, білезіктерді кездестіруге болады.
Қорыта айтқанда, мұражайымыз – еліміздің ең ірі білім ордасының бет пернесі, имиджі, тарихи қоры және корпоративті мәдениетінің басты көрсеткіші.
М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университет музейінің бірі «Баласағұни» музейі ТарМПИ –ның 40 жылдық мерей тойына орай 2007 жылы қараша айында сол уақытқа дейінгі институттың жеткен жетістіктері мен ерекшеліктерін дәріптеу және Жамбыл облысындағы Ортағасырлық қалалардың бірі «Баласағұн» қаласының археологиялық құндылықтарын таныстыру мақсатында ашылған. Музейдің ашылуына ұйтқы болған – Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің т.ғ.д. профессоры У.Х. Шалекенов. Ең әуелі музей болып Тараз мемлекеттік педагогикалық институтының 2 корпусының екінші этажында 99,8 шаршы метр бөлмеде ашылып, кейін институттың 50 жылдық мерейтойына орай сол кездегі институт ректоры т.ғ.д. профессоры Д.П. Қожамжарованың басшылығымен 2017 жылы қазан айында көлемі 625 шаршы метрлік екі этажды ғимаратқа көшірілді.
Музей – өткен уақыт туралы естеліктерді жинақтайтын универсиеттің рухани орталықтарының бірі. Жалпы музей екі бөлімнен тұрады:
1) көрме залы
2) жәдігерлерлердің қор бөлімі.
Көрме залында екі бөлім бар: бірінші бөлім ақын, ғұлама ғалым – 1020 жылы Баласағұн қаласында туылған – Жүсіп Хас Хажип Баласағұниға арналған. Қайтыс болған жылы белгісіз, Баласағұнидің біздің заманымызға дейін жеткен ең ірі туындысы -1069 жылы көне түркі тілінде жазылған «Құдатғу білік» («Құт әкелетін білім») поэмасы. Бізге поэманың үш нұсқасы жеткен: Вена, Мысыр, (Каир), Наманған (Ферғана). Осы нұсқаларды шығыстанушылар көп зерттеген және бұл еңбектердің құндылығын бәрі бір ауыздан мақұлданған. Бұрын қысқартылып орыс тіліне, кейін кең көлемде өзбек тіліне аударылған болса, 1986 жылы көне түркі тілінен қазақ тіліне ақын, ғалым Асқар Егеубаев аударып, алғыс сөзі мен түсініктерін жазды. Түрік, Қазақ тіліне аударылған құнды еңбек музейдің төрінен орын тапты. Музейдің қалған бөлігі Ұлы Жібек жолының солтүстік тармағы Қазақстан қалаларының үстімен өткен, осындай Орта ғасырлық аты әлемге әйгілі қалалардың бірі – Баласағұн қаласына арналған. Ол бізге жердің қойнауына түгелімен енген археологиялық ескерткіш түрінде жеткен. Бұл «Құм басқан» қаланың орны Жамбыл облысы Шу ауданы, бұрынғы «Калинин» колхозы қазіргі «Баласағұн» ауылының жерінде, Алматы – Тараз тас жолының бойында. «Ақтөбе» деп аталатын ортағасырлық үлкен қаланың орнын әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің т.ғ.д. профессоры У.Х. Шалекенов зерттеген.
Екінші бөлім «Университет тарихы», онда факультеттер туралы мәліметтер, экспозициялар қойылған.
Музей қорында әр түрлі деректердің 300 ден астам түрлері сақталған: негізгі оқиғаларды бейнелейтін құжаттар; оқытушы-профессордың жоғары оқу
орнының тарихы сақталған фотосуреттер; марапаттаулар, жеке заттар, монографиялар кітаптар,оқулықтар, жинақтар бар.
Ортағасырлық Баласағұн залының экспонаттар тізімі:
№ |
Экспонаттар тізімі |
анықтама |
|
1 |
Құмыра (ХІ-ХІІІ ғғ. басы) |
Құрамына қиыршық тас, құм, қоршала қыш қағы қосылып саз балшықтан жасалған. Құмыраның күйдірілуі бір қалыпты. Ауызы кең, бүйірі шығыңқы келген ыдыс үш бөліктен: мойын, бүйір, түбі бөлек жасалып жапсырылған. Құмыраның биіктігі – 39 см. Тік шығып аяқталған ернеуінің диаметрі – 11 см, бүйірінің диаметрі – 25 см., түбінің диаметрі – 12 см. Ернеу асты мен бүйіріне жалғап жапсырылған тұтқасы сынып түскен. Қабырғасының қалыңдығы 0,8-1 см. |
|
2 |
Қыш келі тәрізді ыдыс (ІХ-ХІ ғғ.) |
Құрамына құм, қоршала қыш қағы қосылған саз балшықтан жасалып, бірқалыпты күйдірілген. Ыдыстың биіктігі – 28 см., Ернеуінің диаметрі – 22 см. Түбінің диаметрі – 16 см. Қабырғасының қалыңдығы – 1,5-4 см. Түсі қызғылт-сары. Ернеуі сынық. |
|
3 |
Көзе (ІХ-Х ғғ.) |
Құрамына шыршық тас, құм араластылған саз балшықтан қолмен жапсырылып жасалған ыдыстың күйдірілуі бір қалыпты. Сырты өңделмеген ыдыстың биіктігі – 17,5 см. Тік аяқталған ернеуінің диаметрі 16 см. Бүйірінің диаметрі – 10,5 см. Имек тәрізді жалпақ келген тұтқасының жоғарғы жағы ернеуіне, төменгі жағы бүйіріне жапсырылып бекітілген түйіннің ұзындығы – 5 см. Ені – 2 см. Түйіннің бетінде бастырылған үш саусақтың ізі бар. Ыдыстың сыртын күйе жапқан. |
|
4 |
Көзе (ІХ-Х ғғ.) |
Саз балшықтан жасалған, бірқалыпты күйдірілген. Ыдыстың биіктігі – 25 см. Тік шығып аяқталған ернеуінің диаметрі – 18 см. Бүйірінің диаметрі – 22 см. Түбінің диаметрі – 13 см. Имек тәрізді қалыңдығы – 1,5 см. Келетін жалпақ тұтқасының жоғарғы жағы ернеу асып мойнына, төменгі жағы бүйіріне жапсырылып бекітілген. Қызғылт-сары түсті көзенің сыртын күйе жапқан. Ыдыс сынық, жарты бөлігі жоқ. |
|
5 |
Тегеш (VI-VIII ғғ.) |
Құрамы қиыршық тастан, құм араластырылған саз балшықтан қолмен жапсырылып дөрекі жасалған. Диаметрі – 13 см. Түбінен қабырғасы сыртқа сәл кеңіп шығып ернеуі тік аяқталған. Ыдыстың биіктігі – 9 см. Ыдыс сынған, жартысы жоқ. |
|
6 |
Көзе (ІХ-Х ғғ.) |
Құрамына қиыршық тас, құм араластырылған саз балшықтан қолмен жапсырылып жасалған. Іші-сырты өңделмеген. Биіктігі – 17 см. Ернеуінің диаметрі – 4 см. Бүйірінің диаметрі – 14,5 см. Түбінің диаметрі – 10 см. Қолмен қосылып жасалған ілмек тәрізді тұтқасының жоғарға жағы ернеу астына, төменгі жағы бүйіріне жапсырылып бекітілген. Тұтқасына қарама қарсы алдында ернеу астына жапсырылған түйіннің ортасы саусақпен бастырылған. Ұзындығы – 4,5 см. Ені – 2,2 см. Ернеуінің кейбір жерлері мүжілген. |
|
7 |
Келі (VIII-X ғғ.) |
Құрамына құм араластырылған саз балшықтан қолмен жапсырылып жасалған. Ыдыстың биіктігі – 13 см. Ернеуінің диаметрі 16 см. Сыртқа жалпайып шыққан түбінің диаметрі – 12 см. Қабырғасының қалыңдығы – 1,4 см. Бірқалыпты күйдірілген, түсі қызғылт-сары. |
|
8 |
Келі (ХІ-ХІІ ғғ.) |
Биіктігі – 20 см. Ернеуінің диаметрі – 20 см. Түбінің диаметрі – 14 см. Қалыңдығы – 1,5-3 см. Іші-сыртын күйе жапқан. Қолмен жапсырылып, бірқалыпты күйдірілген. Ыдыстың жоғарғы бөлігі сынған. |
|
9 |
Келі (ІХ-Х ғғ.) |
Құрамына құм, қиыршық тас араластырылған саз балшықтан қолмен жапсырылып жасалған. Бірқалыпты күйдірілген. Түсі қызғылт. Биіктігі – 23 см. Ернеуінің диаметрі – 24 см. Түбінің диаметрі – 14 см. Қабырғасының қалыңдығы – 1,5-3 см. Түбін айнала қатты затпен бастырылған саусақ іздері бар |
|
10 |
Құты (VI-VIII ғғ.) |
Құмыра пішініне ұқсас қолмен жапсырылып жасалған. Биіктігі – 8 см. Ернеуінің диаметрі – 4 см. Бүйірінің диаметрі – 6 см. Түсі қызғылт-қоңыр |
|
11 |
Тегене (ІХ-ХІ ғғ.) |
Құрамына құм, қиыршық тас, қоршала қыш қағы араластырылып саз балшықтан қолмен жапсырылып жасалған. Бірқалыпты күйдірілген. |
|
12 |
Қазан (ХІ-ХІІІ ғғ.) |
Құрамына қиыршық тас, құм араластырылған саз балшықтан қолмен жапсырылып жасалған. Бір-біріне симметриялы орналасқан төрт құлағы бар. Ернеуінің диаметрі – 24 см., Бүйірінің диаметрі – 34 см. Қабырғасының қалыңдығы – 0,8-1,5 см. |
|
13 |
Тегеш (VIII-X ғғ.) |
Қиыршық тас, құм араласқан саз балшықтан қолмен жапсырылып жасалған. Бірқалыпты күйдірілген. Түсі қызғылт-сары, Биіктігі – 12 см. Ернеуінің диаметрі – 21 см. Қабырғасының қалыңдығы – 1 см. |
|
14 |
Құмыра (ХІ-ХІІІ ғғ.) |
Сазбалшықтан жасалған. Мойнының диаметрі – 10 см. Бүйірінің диаметрі – 26 см. Түбінің диаметрі – 14 см. Құмыраның тұтқасы мен ернеу бөлігі жоқ. |
|
15 |
Құмыраның жоғарғы бөлігінің сынығы (ХІ-ХІІІ ғғ. басы) |
Қиыршық тас, құм, қоршала қыш қағы қосылып шарықта жасалған. Өрнектелген. Ернеуінің диаметрі – 8 см. Мойнының биіктігі – 6,5 см. Қабырғасының қалыңдығы – 1,4 см. |
|
16 |
Құмыра (ХІ-ХІІІ ғғ.) |
Бірқалыпты күйдірілген. Түсі сарғылт-қызыл. Мойнының диаметрі – 7,5 см. Бүйірінің диаметрі – 20 см. Түбінің диаметрі –11 см. Иығында қатты затпен бастырылып айнала сызылған. Тұтқасы мен ернеуі сынған |
|
17 |
Құман (ХІ-ХІІІ ғғ.) |
Мойнының диаметрі – 4 см. Шүмегінің диаметрі – 4 см. Бүйірінің диаметрі – 20 см. Түбінің диаметрі – 10,5 см. Түбін күйе жапқан. |
|
18 |
Құмыра (ІХ-Х ғғ.) |
Жоғары температурада күйдірілу нәтижесінде жоғарғы жағы балқып, еріген. Бүйірінің диаметрі – 19 см. Түбінің диаметрі – 11 см. |
|
19 |
Құмыра (ХІ-ХІІІ ғғ.) |
Құрамына қиыршық тас, құм араласқан саз балшықтан қолмен жапсырылып жасалған. Ернеуінің диаметрі – 12,5 см. Бүйірінің диаметрі – 30 см. Түбінің диаметрі – 15 см. Биіктігі – 48 см. Жоғарыдан төмен қарай жазылған екі қатарлы жазу бар. |
|
20 |
Ұршық тастар (ІХ-ХІІ ғғ.) |
Қойдың жүнінен |
|
21 |
Асықтар (ХІ-ХІІ ғғ.) |
Асық ойыны қазақ халқының ежелден бері келе жатқан дәстүрлі ұлттық ойыны. |
|
22 |
Қыш құмыра (Х-ХІІ ғғ.) |
Сазбалшықтан шарықта жасалған. Бірқалыпты күйдірілген. Мойнының диаметрі – 11,5 см. Бүйірінің диаметрі – 27 см. Түбінің диаметрі – 15 см. Бүйірінде тұтқаның орны бар. |
|
23 |
Қыш құмыра (Х-ХІІ ғғ.) |
Сазбалшықтан шарықта жасалған. Бірқалыпты күйдірілген. Ернеуі, мойын бөлігі мен бүйірінің жартысы сынған. Бүйірінің диаметрі – 26 см. Түбінің диаметрі – 14 см. Бүйірінде тұтқасының орны бар. |
|
24 |
Құмша (Х-ХІІ ғғ.) |
Ленталы бөлшектерден жасалып, қолмен жапсырылып дайындалған. Биіктігі – 51 см. Ернеуінің диаметрі – 22 см. Бүйірінің диаметрі – 39 см. Түбінің диаметрі – 21 см. Қабырғасының қалыңдығы – 1 см |
|
25 |
Құм қақпағы (Х-ХІІ ғғ.) |
Тегіс келген қақпақтың ортасында целиндрлі тұтқасы бар. Түсі сарғыш. |
|
26 |
Құмыра түбі (ІХ-ХІ ғғ.) |
Үш бөліктен құрастырылып жасалған құмыраның бөлініп қалған түбі әрі қарай ыдыс ретінде қолданылғанға ұқсайды. Диаметрі – 16 см. Биіктігі – 8 см. Қалыңдығы – 1,4 см. Түсі сарғыш қызыл. |
|
27 |
Құмыра (VIII-Х ғғ.) |
Қолмен жапсырылып жасалып, күйдірілген. Ернеуінің диаметрі 6,5 см. Бүйірінің диаметрі диаметрі – 15 см. Өрнектелге |
|
28 |
қапсарма |
Таға тәрізді келген қапсырма (ІХ-ХІ ғғ.) |
|
29 |
Қола бұйым (ІХ-ХІ ғғ.) |
Сақиналы келген бір бетінде ою-өрнегі бар. |
|
30 |
Қола қапсырма (ХІ-ХІІ ғғ.) |
Пішіне кілтке ұқсайды |
|
31 |
Өрнекті темір қапсырмалар (ІХ-ХІ ғғ.) |
||
32 |
Тұтқа және ілмек тәрізді қапсырмалар (ІХ-ХІ ғғ.) |
||
33 |
Темір жабдықтар (ХІ-ХІІ ғғ.) |
||
34 |
Пышақ сабы, жебе ұшы, шынжыр үзбесі, сақина, тілшесі бар сақиналы тоға |
||
35 |
Сандық қапсырмасы мен тиектеу бөлігі (ІХ-ХІ ғғ.) |
||
36 |
Сандықтың қапсырмасында бекітуге арналған тесігі бар. |
||
37 |
Тастан жасалған бұйымдар (ІХ-ХІ ғғ.) |
||
38 |
Қайрақ тастар – 5 дана, ұршық тас – 1 дана, арнайы мақсатта қолданылған тас – 1 дана |
||
39 |
Құмыра (ІХ-ХІ ғғ.) |
Түб, бүйір, мойын бөліктері қолмен жасалып жапсырылған. Ернеу бөлігі жоқ. Бүйірінің диаметрі – 18 см. Түбінің диаметрі – 11 см. Мойынының диаметрі – 8 см. Бүйірінде тұтқасының ізі сақталған. Түсі қызыл-қоңыр. |
|
40 |
Құмыра (VIII-X ғғ.) |
Шар тәрізді ыдыс шарықта жасалған. Мойынының диаметрі 11 см., бүйірінің диаметрі – 23 см., түбінің диаметрі – 12 см. Түсі сарғылт-қызыл. Ернеуі мен тұтқасы сынған. |
|
41 |
Құмыра (ІХ-ХІ ғғ.) |
Сфера тәрізді ыдыс шарықта жасалған. Биіктігі 31 см. Ернеуінің диаметрі – 15 см., бүйірінің диаметрі – 28 см., түбінің диаметрі – 24 см. Түсі қызғылт-сары. Бүйірі мен түбі сынған. |
|
42 |
Қыш құмыра (Х-ХІІ ғғ.) |
Сазбалшықтан шарықта жасалған. Бірқалыпты күйдірілген. Бүйірінің диаметрі – 26 см., түбінің диаметрі – 16 см. Бүйірінде тұтқасының ізі бар. |
|
43 |
Қыш құмыра (Х-ХІІ ғғ.) |
Сазбалшықтан шарықта жасалған. Бірқалыпты күйдірілген. Мойынының диаметрі – 10 см., бүйірінің диаметрі – 26 см., түбінің диаметрі – 12 см. |
|
44 |
Қыш құмыра (Х-ХІІ ғғ.) |
Сазбалшықтан шарықта жасалған. Бірқалыпты күйдірілген. Мойынының диаметрі – 10,5 см. Бүйірінде тұтқасының ізі бар. Түсі қызыл-қоңыр. |
|
45 |
Көзе (VIII-X ғғ.) |
Бүйір бөлігі қолмен жапсырылып жасалған. Күйдірілуі бірқалыпты емес. Биіктігі – 25,5 см., бүйірінің диаметрі – 26 см., түбінің диаметрі – 15 см. |
|
46 |
Құмыраның жоғарғы бөлігі (ІХ-Х ғғ.) |
Ернеуінің диаметрі – 11,5 см., бүйірінің диаметрі – 27 см. Тұтқасының төменгі жағы сыртында бас бармақтың бастырылған ізі бар. |
|
47 |
Көзе (VIII-Х ғғ.) |
Бірқалыпты күйдірілген. Биіктігі – 19 см. Бүйірінің диаметрі – 16 см. Түбінің диаметрі – 8,5 см |
|
48 |
Келі (ХІ-ХІІ ғғ.) |
Бірқалыпты күйдірілген. Сырты қатты мүжілген. Биіктігі – 22 см. Ернеуінің диаметрі – 12 см. Түсі қызыл-қоңыр. Келі – дәнді қауызынан ажыратуға және ұнтақтауға арналған ыдыс. Ертеден келе жатқан үй мүлкі |
|
49 |
Қазан (Х-ХІІ ғғ.) |
Шар тәрізді келген ыдыстың түбі тегіс. Тұтқасының орны сақталған. Түб жағын күйе жапқан |
|
50 |
Келі (ІХ-Х ғғ.) |
Құм, қиыршық тас араласқан сазбалшықтан жасалған. Бірқалыпты күйдірілмеген. Өрнектелген. Түбін күйе жапқан. Биіктігі – 25 см., түбінің диаметрі – 16 см., қабырғасының қалыңдығы – 1,5-2,5 см. |
|
51 |
Құты қақпасы (ІХ-ХІ ғғ.) |
Диаметрі – 8 см. Ортасында цилиндр тәрізді тұтқасы бар. Бірқалыпты күйдірілген |
|
52 |
Жебе ұшы (ІХ-ХІ ғғ.) |
Үш қырлы және ұңғалы келген. Ұзындығы – 3 см. |
|
53 |
Су жүретін қыштан жасалған су құбыры (Қарахан дәуірі) |
||
54 |
Ақтөбенің (Баласағұн) шахристаны мен цитад |