Жаратылыстану ғылымдары саласында қоғам дамуына үлес қоса алатын, қазіргі заманның өзекті мәселелерін шешуге қабілетті жоғары білікті мамандарды дайындау.
Осы мақсатқа жету үшін факультет келесі міндеттерді орындайды:
- • Халықаралық стандарттарға сай келетін жаратылыстану ғылымдары саласындағы мамандарды дайындаудың жоғары деңгейін қамтамасыз етеді.
- • Жаратылыстану ғылымдары саласында ғылыми-зерттеу қызметін дамытады.
- • Әлемнің жетекші ғылыми орталықтарымен және ұйымдарымен ынтымақтасады.
- • Халық арасында жаратылыстану білімін насихаттайды.
Жаратылыстану факультеті келесі бағыттар бойынша мамандар дайындайды:
- • Биология
- • Химия
- • Физика және информатика
- • Математика
- • Тарих және география
Жаратылыстану факультетінің түлектері экономиканың әртүрлі салаларында, соның ішінде ғылым мен білім саласында сұранысқа ие.
Ғылыми факультеттің нақты мақсаттары мен міндеттері белгілі бір университет пен аймақтың ерекшеліктеріне байланысты әртүрлі болуы мүмкін. Дегенмен, жалпы ғылым факультетінің міндеті – ғылым мен білімнің дамуына ықпал ету, сонымен қатар қоғам дамуына үлес қоса алатын жоғары білікті мамандарды дайындау.
Жаратылыстану факультетінің миссиясына сәйкес оның қызметі келесі нәтижелерге бағытталған:
- • Ғылым факультетінің түлектері әртүрлі салаларда табысты жұмыс істеу үшін қажетті ғылымдар бойынша терең білім мен дағдыларға ие.
- • Жаратылыстану факультеті іргелі және қолданбалы зерттеулер жүргізе отырып, ғылым мен білімнің дамуына зор үлес қосуда.
- • Жаратылыстану факультеті жаратылыстану ғылымдарын тарататын, халық арасында ғылымды насихаттайтын орталық.
Бұл нәтижелерге қол жеткізу жаратылыстану факультетіне қоғам дамуына және қазіргі заманның өзекті мәселелерін шешуге үлес қосуға мүмкіндік береді.
«Жаратылыстану ғылымдары» факультетінің білім беру бағдарламалары:
Бакалавр:
6В01501-Математика мұғалімдерін даярлау,
6В01502 – «Физика мұғалімдерін даярлау»;
6В01503 – «Информатика мұғалімдерін даярлау»;
6В01504 - Химия мұғалімдерін даярлау
6В01505 - Биология мұғалімдерін даярлау
6В01507 - Химия және биология мұғалімдерін даярлау
6В01510 – «Физика және информатика мұғалімдерін даярлау»;
6В05111- «Медиктік биологиялық іс»
6В05112- «Жалпы биология»
6В01601 –«Тарих мұғалімдерін даярлау»
6В01502- «География және тарих мұғалімдерін даярлау»
6В01502- «География мұғалімдерін даярлау»
Магистратура:
7М01501-Математика педагогтарын даярлау
7М01502 – «Физика педагогтерін даярлау»;
7М01503– «Информатика педагогтерін даярлау»;
7М01505 - Биология педагогтерін даярлау
7М01504 – Химия педагогтарын даярлау
7М05111- Жалпы биология
7М01601 -Тарих педагогтарын даярлау
Докторантура:
8D01501- Математика педагогтарын даярлау
8D01502–«Физика педагогтерін даярлау»
«Жаратылыстану ғылымдары» факультет деканы, доценты
Байланыс телефоны: +7(701)677-48-33
E-mail: Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс.
Сұрақ қоюОқу-әдістемелік жұмыстар жөніндегі деканның орынбасары
E-mail: Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс.
Тәрбие жұмыстары жөніндегі деканның орынбасары
E-mail: Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс.
Ғылыми жұмыстары жөніндегі деканның орынбасары
E-mail: Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс.
«Биология» кафедрасының жылыжай кешенінде әртүрлі инновациялық технологиялар пайдаланылады. Соның бірі су үнемдеу, яғни тамшылатып суғару технологиясы. Сонымен қатар өсімдіктерді топырақсыз өсіруге болады, ол үшін ағаш үгінділері немесе кокос субстраттары пайдаланылады. Бұл эксперименттік жұмыстар жүргізу үшін өте пайдалы болып табылады.
"Жылыжай" эксперименттік учаскесінде білім алушылар теориялық білімдерін тәжірибемен ұштастыруға және ғылыми жұмыстармен айналысуға мүмкіндіктері мол.
Спектрофотометр -жарық толқынының ұзындығына байланысты екі монохроматты жарық ағымдарының интенсивтіліктерінің қатынасын өлшеуге арналған оптикалық аспап. Спектрофотометр жарық көзінен, монохроматордан, жарық қабылдағыштан және тіркеу құрылғысынан тұрады. Әр түрлі денелердің 0,185 ... 200 мкм диапазонда нұр шашу, сіңіру және шағылыстыру қабілетін өлшеу үшін пайдаланылады.
SOPTOP EX30 зертханалық микроскопында 22 мм окулярлардың кең көру өрісі бар. Микроскоп бинокулярлы немесе тринокулярлы түтікпен жабдықталған. Зертхананың міндеттеріне байланысты әртүрлі конфигурацияларда ұсынылады: Rif модулі, фазалық контраст, поляризация және фотоаппаратта да, компьютерде де суретке түсіру мүмкіндігі бар цифрлық планшеттік камера қосылған. Препараттарды көруге толық мүмкіндік бар.
Жаңа эргономикалық дизайн, тұрақты микроскоп негізі, жұмыс істеу оңай, әртүрлі жұмыс жағдайларына жарамды.
Модульдік дизайн, флуоресценциямен, фазалық контрастпен, поляризациямен, қараңғы өріс режимдерімен жұмыс істеу мүмкіндігі бар. Модульдер жарық өріс режиміне негізделген. Клиникалық диагностика, патологиялық сынақтар, білім беру мақсатында және т.б. үшін кеңінен қолданылады.
«Химия» кафедрасы мамандандырылған арнайы лабораториялар мен құрал-жабдықтармен (Аналитикалық таразы, техникалық таразы, кептіргіш шкаф, муфель пеші, спектрофотометр DR 2800, спектрофотометр DR 3900, концентрационный электроколориметр КФК 3, фотометр HANNA, су моншасы, құм моншасы, рефрактометр ИРФ 24, иономер универсиальный ЭВ 74, вискозиметр ротационный, весы прецизионные, рН-метр, вискозиметр стеклянный, магнитная мешалка, колба Вьюрца, плитка электрическая, иономер pH-160 M, кондуктометр солемер) қамтылған және оқудың инновациялық технологиясы енгізілген.
Облыстық «Тәуелсіздік ұрпақтары» гранттық байқауында жүлделі орын алған Әбиден Қанат, Нұрбердиев Алимардан «Физика және информатика» кафедрасының оқытушылары және «Информатика мұғалмдерін даярлау» БББ 3курс білімгерлері Сейдазимов Айбек, Астаев Мақсат, Балпан Абдуахад, Исламов Дінмұхаммед университет ректорының алғыс хатымен марапатталды.
«Білім берудегі тарих және география» кафедрасының РhD Серубаева А. Т. және Идрисова Г. Б., «Философия және саясаттану» кафедрасының доценті Кульбаева Д. Д. жетекшілігімен тарих мамандығының студенттері Қуандықов А. Н., Қуанышұлы Н., Бурамбаев Б. Д. қатысып 50 мың сертификат пен алғыс хатпен марапалталды. Ғылыми жетекшілері
«Алаш» ұстанымдары мен ұлттық құндылықтарды жүзеге асыруға қосқан үлесі үшін медальдармен марапатталды
«Мұрагер» ғылыми-зерттеу үйірмесінің ұйымдастыруымен облыстық көлемде «Жалаңтөс батыр – Тұран жолбарысы» тақырыбында ғылыми-тәжірибелік конференция өткізілді.
Конференцияға қатысушылар жүлделі орындарға ие болғандар дипломдармен марапатталды. Белсенділік бірдірген ғылыми жетекшілеріне алғыс хат табысталды және барлық қатысушыларға сертификат берілді.
Факультеттегі оқу – әдістемелік жұмыстың негізгі мақсаты – оқу процесінің тиімділігі мен сапасын арттыруға мүмкіндік беретін жағдай жасау. Оқу-әдістемелік жұмысқа басшылықты деканның оқу ісі жөніндегі орынбасары жүзеге асырады.
Факультетте 11 бакалавриат, 7 магистратура, 2 докторантура бойынша білім беру бағдарламасы бар. Білім беру бағдарламалары мазмұны әлеуметтік серіктестер мен жұмы сберушілердің сұраныстарына бағытталған
Студенттер контингенті 1305адамды құрайды (грантта оқитындар саны 755 студент). Факультет ПОҚ-ы алдыңғы қатарлы шетел, республикалық ЖОО және орталықтарында жыл сайын біліктілерін жоғарылатады: NewCastleуниверситеті (Ұлыбритания), Вильдау қолданбалы ғылымдар университеті (Германия), Ұлы Витаутас университеті (Литва), Senior Expert Service, НЗМ ДББҰ педагогикалық шеберлік орталығы, «Өрлеу» БАҰО АҚ, Абай атындағы ҚазҰПУ, әл-Фараби атындағы ҚазҰУжәнет.б., ғылыми-әдістемелік конференцияларына, семинарларына, тренингтерге белсенді түрде қатысады. Магистранттар контингенті 174 адамды құрайды, грантта оқитындар саны 119.
Факультет білім беру бағдарламаларын дайындау үшін барлық оқу процесіне қажетті оқу-материалдарымен қамтамасыз етілген. Факультеттің ғимараттары санитарлық нормалар мен өртке қарсы қауіпсіздік құралдарымен жабдықталған. Оқу аудиториялары, лабораториялық базалар, оқу кабинеттері, жатақхана және басқа да орындар, спорттық кешендер бекітілген нормалар мен тәртіпке сай.
Білім беру бағдарламаларының материалдық-техникалық базасы жаңарту және жетілдіру мақсатында жоспарлы жұмыстар атқарылуда.
"Математика" кафедрасы кураторларының ұйымдастыруымен студенттер жатақханасында Сұлтанмахмұт Торайғыровтың 130-жылдығына арналған әдеби сағат өтті. Жатақханада тұратын математик студенттер ақынның өмірбаяны мен шығармашылығын айта келіп, өлең жырларын мәнерлеп оқыды. Ақын шығармашылығына байланысты викториналық сұрақтар қойылды. Бұл әдеби іс-шараның мақсаты С.Торайғыровтың әдеби мұрасы, жалынды жырлары арқылы жастарға ұлтжандылық тәрбие беру.
«Дін және біздің қоғам» тақырыбында дінтанушы Б.Алпысбаев және «ББ тарих және география» кафедрасының аға оқытушылары Данабекова Д., Абдурахманова К.Р. ұйымдастыруымен студенттермен кездесу өтті. Кездесудің мақсаты-Діннің тарихын, мәнін және оның қоғамдағы алатын орнын анықтау, Адамгершілікке имандылыққа тәрбиелеу, діни экстремизмнің алдын-алу болып табылады.
"Математика" кафедрасының ұйымдастыруымен ПД Есірткі қылмысына қарсы іс- қимыл басқармасы мен ПД кинология орталығы мамандарымен "Нашақорлык-ғасыр дерті!" тақырыбында кездесу болды.
Кинология мамандары иттердің көмегімен есірткіні табу мен ұстау жолдарын көрсетті.
Жамбыл облысы ПД Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының аға жедел уәкілі полиция майоры Каукешова Айгерім Асанқызы тақырып бойынша пайдалы ақпараттар бере отырып, студенттердің сұрақтарына жауап берді. Нашақорлықтың зардаптары туралы айтылып, қоғамның дертіне айналған теріс қылықтардан аулақ болу керектігін ескертті.