СТУДЕНТТІК ҒЫЛЫМ

Университеттегі студенттердің ғылыми-зерттеу жұмысы білім беру процесінің ажырамас бөлігі болып табылады және патриотизм мен азаматтық жауапкершілік сезімі бар бәсекеге қабілетті, интеллектуалды дамыған жас мамандардың кәсіби даярлық деңгейін арттырудың тиімді құралы болып табылады. 

Университетте студенттердің ғылыми-зерттеу жұмыстары жүргізіледі:

- оқу үдерісі шеңберінде - ғылыми зерттеу элементтері бар зертханалық жұмыстар мен курстық жобаларды орындау, ғылыми баяндамалар, рефераттар, дипломдық ҒЗЖ және т.б. дайындау;

- оқу үдерісінен тыс-студенттік ғылыми үйірмелер (СҒҮ) құрамында орындалатын жұмыстар, студенттердің (топтармен немесе жеке-жеке) іздестіру-бастамашыл және шаруашылық келісімшарттық ҒЗЖ-ға қатысуы;

- СҒЗЖ нәтижелері бойынша ұйымдастырушылық-бұқаралық іс-шараларда – бұл әртүрлі деңгейдегі конкурстар мен конференциялар.

Студенттерді ғылыми-зерттеу қызметіне тарту бірінші курстан басталады және келесі курстарда үздіксіз жалғасады.  Студенттерді СҒЗЖ-ға тарта отырып, ғылыми деректерді біртіндеп жинақтауға және ҒЗЖ нәтижелерін алуға мүдделі, ғылыми-зерттеу қызметіне неғұрлым бастамашыл және белсенді, қабілетті және ерекше қызығушылық танытатын тұлғалар анықталады.

Студенттердің шығармашылық қабілеттерін ашу және ғылыми-зерттеу қызметіне қабілетті дарынды жастарды анықтау біздің университеттің маңызды міндеттерінің бірі болып табылады.

Студенттік ғылымды дамытудың негізгі мақсаты ғылыми салада көшбасшылық позицияларға ие болу және әлемдік нарықта сұранысқа ие жоғары білікті мамандарды даярлаудың жоғары деңгейі болып табылады.

 

СТУДЕНТТІК ҒЫЛЫМ

  1. Конкурстар, сыйлықтар, стипендиялар
  2. Студент-зерттеуші
  3. ҚР базалық жоғары оқу орындарындағы СҒЗЖ
  4. Студенттік конференциялар
  5. Студенттердің стартап-жобалары
  6. Студенттік басылымдар
  7. Үйірмелер
  8. Студенттердің ҒЗЖ есебі
  9. Ереже
Top