ШУЛЕНБАЕВ ЖАНБОЛАТ ЖЫЛКЫБАЕВИЧ
Дулати Университеті Директорлар кеңесінің Корпоративтік хатшысы
заң ғылымдарының магистрі
Телефон: 8-7262-457978, 8-777-507-87-00
E-mail: Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс.
Қызмет бағыты
Корпоративтік хатшы лауазымы Қоғамның Жалғыз акционерінің құқықтары мен мүдделерін іске асыруға кепілдік беретін корпоративтік басқару қағидалары мен рәсімдерін Қоғамның органдары мен лауазымды адамдарының сақтауын қамтамасыз ету мақсатында енгізіледі. Корпоративтік хатшы - Директорлар кеңесінің немесе Қоғам Басқармасының мүшесі емес, Қоғам жұмыскері болып табылады, Қоғамның Директорлар кеңесімен тағайындалады. Корпоративтік хатшы өз қызметінде Директорлар кеңесіне есеп береді және бағынады.
Корпоративтік хатшы Қоғамның органдары мен лауазымды адамдарының Жалғыз акционердің құқықтары мен мүдделерін, сондай-ақ Қоғамның корпоративтік басқару саласындағы ережелерін, Жарғысын және Қоғамның басқа да ішкі құжаттарын сақтауын қамтамасыз етеді.
Корпоративтік хатшыға Қоғамның Директорлар кеңесінің жиналысын дайындауды және өткізуді, Директорлар кеңесінің және Жалғыз акционердің қарауына ұсынылатын мәселелер бойынша материалдарды қалыптасуына қамтамасыз етуіне, осы материалдарға қолдалуын қамтамасыз ету үшін бақылау жүргізуге міндеті жүктелген.
Корпоративтік хатшының қызметі Қазақстан Республикасы заңнамасының нормаларына, Қоғамның Жарғысына, қоғамның өзге де ішкі құжаттарына және Директорлар кеңесінің, сондай-ақ Жалғыз акционердің шешімдеріне сәйкес жүзеге асырылады.