УНИВЕРСИТЕТТІҢ ҒЫЛЫМИ КЕҢЕСІ
ЖҰМАБАЕВА АЙЖАМАЛ МЫҚТЫБЕКҚЫЗЫ
Ғалым хатшы
Педагогика ғылымдарының кандидаты
Байланыс телефондары: 8-(7262)-45-46-40, 8-700-241-7169
E-mail: Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс.
Мекен жайы: 080000, Тараз қ., Сүлейменов к-сі, 7, 1.1-403
М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің Ғылыми кеңесі университеттің сайламалы ұжымдық кеңесі.
Ғылыми кеңестің құрамы, құрылымы мен қызметі
және оны сайлау тәртібі Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңына (2007 жылғы 27 шілде №319), «Жоғары оқу орнының Ғылыми кеңесі қызметінің үлгі ережесі және оны сайлау тәртібіне» (Бұйрық № 574, 22.11.2007 ж.), «М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті» КЕ АҚ Жарғысына сәйкес анықталады.
Ғылыми кеңес өз құзыры шегінде келесі қызметтерді жүзеге асырады:
1) ғылыми, оқу, әдістемелік және тәрбие жұмысы бойынша мәселелерді қарастыру және шешім қабылдау;
2) оқу-зертханалық және ғылыми-зертханалық базаны дамытудың перспективалық жоспарын қарастыру;
3) профессорлық-оқытушылық және ғылыми құрамға ғылыми атақтар беру мәселелерін қарастыру;
4) ішкі тәртіп ережелерін қарау және бекіту;
5) оқу-тәрбие үдерісін ұйымдастырудың барлық мәселелері бойынша шешімдер қабылдау;
6) университеттің Даму бағдарламасын жүзеге асыруға байланысты мәселелерді қарастыру;
7) университеттің әлеуметтік теңдік дамуының негізгі мәселелерін қарастыру және шешімін қабылдау;
8) университеттің өткен оқу жылындағы қызметінің қорытындысын шығару;
9) қоғамның оқу, ғылыми-зерттеу және тәрбие жұмыстары туралы есептерді мерзімді түрде қарау;
10) Қоғам құрамына кіретін басқа құрылымдық бөлімшелердің қызметі туралы есептерді қарау;
11) мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарына сәйкес жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламаларын Қоғам басқармасына бекіту үшін қарастыру;
12) Қоғам қызметіне қатысты және ұжымдық шешімді атлап ететін басқа да мәселелерді қарастыру.