Қанат Әуесбай өз тәжірибесімен бөлісіп, фейк ақпаратпен жұмыс істеудің қыр-сырын үйретіп, көшбасшы журналист болудың жолдарымен бөлісті. Сондай-ақ студенттер тарапынан қойылған барлық сұрақтарға жауап берді. Мәселен, Д.Асқар журналистердің құқығы туралы сұраса, Т.Дуанбекова Ұлыбританиядағы журналистердің еркіндігі, жалпы сол елдегі ахуал жайлы сыр тартты.
Шара соңында Қанат Әуесбайұлы алдағы уақытта Таразға келіп, клуб мүшелерімен офлайн кездесуге дайын екенін жеткізді. Осылайша, шеберлік сағаты жоғары деңгейде өтіп, қатысушылар қонаққа алғысын айтты.
Айгүл Ануарбекова,
"Филология және журналистика" кафедрасының оқытушысы