2021-2022 оқу жылына жатақханадан орын беру үшін "Platonus" ААЖ-е өтініштерді қабылдау 2021 жылдың 25 тамызынан бастап жүзеге асырылады.
1-қадам
«Platonus» ААЖ-ға кіріңіз (http://platonus.dulaty.kz).
2-қадам
Жеке кабинеттен "Жатақхана", "Өтініштер беру" түрін таңдаңыз. "Жатақханадан орын алуға өтініш" түрін таңдап
батырмасын басыңыз).

3-қадам
Барлық қажетті қатарды толтырып
батырмасын басыңыз. Қажетті құжаттардың сканерленген нұсқаларын жүктеңіз.

4-қадам
Жеке кабинеттегі қосымшаның күйін қадағалаңыз (өтініштің мәртебесі әр кезеңде өзгереді).
5-қадам
Егер өтінімді комиссияның барлық мүшелері мақұлдаған жағдайда, білім алушы өтінім берілген күннен бастап 3 жұмыс күні ішінде жатақханадан орын алуға ордер/жолдама алу үшін Білім алушыларға қызмет көрсету бөліміне жеке келуі қажет.
6-қадам
Орналастыру бұйрық жолдама арқылы жатақхана коменданты «Platonus» ААЖ-да тексере алады.
Назар аударыңыздар!
«Университет жатақханасындағы орындарды беру үшін автоматтандырылған қызмет көрсету ережесінің» 5.3.5 тармақшасы бойынша егер білім алушы жолдамаға келмесе, 3 жұмыс күні ішінде болмау себебі туралы жазбаша ескертпесе, онда ол автоматты түрде жатақханаға қабылданбаған болып есептеледі.