«Сәуір болмай, тәуір болмас» тақырыбындағы ашық сабақта студенттер барынша тақырыпты ашуға тырысты. Халқымыз наурызды "Самарқанның көк тасы жібіген күн" деп ерекше ықылас танытса, "Сәуір болмай, тәуір болмас", "сәуір болмай жауын болмас, жауын болмай тәуір болмас", "сәуірдің басындағы суық бітпей, жаз шықпайды" деп сәуір айындағы жауған жауынның,егіннің бітік шығуына, берекелі тіршіліктің бастамасы наурыз айынан кейін сәуір айында екенің студенттеріміз өлең,көркем сөз, қойылым көрініс арқылы барынша жеткізуге тырысты.Кафедрамыздың белгілі оқытушысы сазгер, күйші Аман Малдыбаев болашақта халықтың балаларын тәрбиелейтін педагогтарымызға шығармашылық ізденіс,сәттілік тілеймін деп батасын берді.