Наурыз берекем, Наурыз мерекем!

16 наурыз М.Х. Дулати атындағы Тараз өңірлік «Дизайн және сән индустриясы» кафедра оқытушылар құрамы мен студенттерінің ұйымдастыруымен кафедра фойесінде «Наурыз берекем, Наурыз мерекем!» атты іс-шарасы өтті.
«Әз-Наурыз» мерекесіне кафедра оқытушылары мен студенттері қатысты. Наурыз тойын Уалиев Болыс Матмұсаұлы бата беріп ашты. Жыл басы Наурыздың келуімен құттықтады.

Наурыз тойын тойлауға барлық студенттер түгел жиналып, мол дастархан әзірлеп, үлкен дайындықпен келген. Ең басты тағам Наурыз көже мен ұлттық сусын шұбат, қымыран барша келген қонақтарға таратылды. Қазақтың ұлттық мейрамы Ұлыстың ұлы күні Әз-Наурызға студенттер ерекше дайындықпен әсемденіп, өз елінің ұлттық киімі мен ұлттық ас мәзірін арнайы дайындап әкелген. Сонымен қатар, алаңда мереке қонақтарына арнайы дайындалған қолөнер шеберлерінің дүниелері, кәде-сый заттарынан көрме қатары да болды.

Наурыз тойы тойланып, бір-бірімен көрісті.

«Дизайн және сән индустриясы» кафедрасының меңгерушісі Кудабаева Айгүл Калдыбековна жиналған студенттерді Наурыз тойымен құттықтады. «Қыстан кейін жер жаңарып, гүлденген көктемнің алғашқы мейрамында Ұлыс оң болсын, ақ мол болсын. Жаңа жыл жақсылығымен келсін. Кафедра ұжымы мен студенттеріне мол табыс пен ырыс-береке, отбасыларыңызға амандық тілеймін. Бірлігіміз жарасқан, ынтымағы артқан ел болайық. Университетіміз жыл санап жаңарып жатыр, жылдан-жылға беделі арта берсін», - деді өз сөзінде.

2

3

4

Top