Қоғамдық қабылдау күні өтті

30.03.2023ж. 10.00-12.00 уақыт аралығында М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің "Өнер және спорт" факультетінің деканы М.К.Нурпеисов студенттермен ата-аналарға қоғамдық қабылдау күнін өткізді. Қоғамдық қабылдау барысында студенттер мен ата-аналар өз сұрақтарын қойып, ұсыныс-пікірлерін білдірді. Атап айтар болсақ: университет тарапынан берілетін жеңілдік түрлері, кезеңдері, ғылыми жұмыс - ғылыми жобалар, ғылыми мақала шығару мүмкіндіктерімен артықшылықтары, ғылыми журналдар, факультеттегі студенттер үшін үйірмелер жұмысы, басқа ЖОО ауысу, басқа білім беру бағдарламаларына ауысу, мемлекеттен бөлінетін гранттар, жатақханаға онлайн өтініш беру, академиялық демалыс алу себептері т.б. сұрақтар қамтылды. Студенттер мен ата-аналардың қойылған сұрақтарына факультет деканы толық жауап берді, қоғамдық қабылдау ашық және көңілді өткізілді.

 2

3

4

Top