Жас дизайнер -2023

1 наурыз күні “Дизайн және сән индустриясы” кафедрасында “Жас дизайнер -2023” байқауы өтті. Байқауға 6В02111- Сән дизайны 1-4 курс студенттері қатысты. Байқау әділ қазы төрайымы “Сагила” сән ательесінің директоры кафедрамыздың жұмыс берушісі Сагилаева Гульмира Амангельдиевна болды. 1-2 курс аралығында шығармашылық бастама “Жануарлар әлемі” тақырыбында коллаж техникасымен эскиздер салынды. Әділ қазылар салынған эскиздерді сараптап жеңімпаздарды анықтады.

1 орын Жийенмуратова Жансулыу
2 орын Какишева Акбота
3 орын Шолпанқұл Ақбота

3-4 курс студенттері арасында шығармашылық бастама “Галактика” тақырыбында түйреуіш әдісімен студенттер ине мен жіптің көмегінсіз көйлек дизайнын дайындады. Дайындалған шығармашылық жұмыстарды саралап жеңімпаздар анықталды.
1 орын Қапарбекқызы Алтынай
2 орын Бектурганова Шырайлым
3 орын Ділдабек Анел иеленді.
Бас жүлде ерекше орындалғаны үшін Азибек Рахат иеленді. Барлық жүлделі орындарға сыйлықтар берілді. Қатысушылардың барлығына сертификаттар табысталды. Құрметті студенттер алар белестеріңіз көп болсын!

1

2

“Дизайн және сән индустриясы” кафедрасының

меңгерушісі А.К. Кудабаева

Top