Мейірім мен достықтың мерекесіне айналды...

Елімізде көктемнің алғашқы күнінде Алғыс айту мерекесі 2016 жылдан бері атап өтіледі. Бұл күн тағдырдың тәлкегімен елімізге қоныс аударған түрлі этнос өкілдері ауыртпалықты бірге көтеріп, қиын-қыстау кезеңдерде қуаныш-қайғыны бөлісіп, пана бола білген қазақ халқына алғыс айтатын күн..

Дәл осы күнде Қазақстан Ассамблеясының құрылуыда тегін еместі. Көп ұлтты зайырлы мемлекет ұстанымы мен символы - бейбіт өмір мен достық. Уақыт өте келе Алғыс айту мерекесінің  актуалды тұстары мен көптеген жағымды жақтары барын аңғарамыз. Бұл мерекенің  астарында адами құндылықтарымызбен қасиеттерімізді жандандыру, жаңғырту мәселелері жатыр. Бұл күн барлық қазақстандықтардың бір-біріне мейірім, достастық және махаббат таныту мерекесі болып қалыптасты. Рухани адамгершілікті, сыйластықты алмағайып заманда адамзат бір бірімен ұлт пен ұлысқа бөлінбей бірігу қажеттілігінің маңызын түсінді.

Бүгінде ақпараттың қарыштап тұрған заманда рухани құндылықтарымызды жастар санасына  сіңіріп, мейірімділіктің ең қарапайым қағидаты – алғыс пен рахмет айтудың озық үлгілерін таныту қажет. Осы тұрғыдан алағанда,  М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік Университетінде білім беруде – имандылық, зияткерлік, мәдени, тәндік жағынан дамыту және кәсіби құзыреттілікті қалыптастыру мақсатында жүзеге асырылатын тәрбиелеу мен оқытудың көптеген тетіктерін қарастырады. Студенттермен бірігіп тәрбие бағытында атқаратын іс шаралар қатарында Алғыс айту мерекесіне орай «Ата-анама мың алғыс»  суреттер көрмесі, алғыс хаттармен эсселерге арналған  «Алғыс жәшігі» жәнеде «Жаныңда жүр жақсы адам» атты  ел ықыласын алған қоғам қайраткерлерімен кездесулер  ұйымдастырылып отыр. Осы секілді  жыл бойына жастар саясатының бір тетігі  - рухани-адамгершілік пен патриоттылыққа  баулуды алға қойып «арнаулы әлеуметтік қызметтер ұсыну орталығының  әкімшілік мекемелерінде» қайырымдылық мәдени іс шаралар ұйымдастырылып отырады. Сондай-ақ жыл бойына адами ізгілікке тәрбиелеуде «Өнер  және спорт» факультетінде жасақталған волонтер студенттерінің қатысуымен «Үлкенге ізет, кішіге   құрмет» атты акция өткізіліп келеді. Жастар арасында  ғылым мен білім нәрінен сусындатып мейірім мен достық пейіл орнатуда көптеген іс шаралар жолға қойылған.  Университетімізде 20 жуық ұлт өкілдерінің жастары оқиды.   Осы ретте салыстырмалы түрде айта кетсем Европа, Азия мемлекеттеріндегі Университеттерде  бірде біреуінде  студенттерге арналған тәрбиелік маңызы бар кешенді жұмыстар жүргізілмейді. Ал біздің елдің жоғары білім ордаларындағы шет ел студенттері мен өзге ұлт өкілдерінің қоғамдық жұмыстарға ат салысып, өзінің азаматтық позициясын ашық айтуға барлық мүмкіншілік бар. Алғыс айту мерекесіне деген өз ойларын , « мұндай мерекенің достық пен таттуластықтың мерекесі» деп жүрекжарды тілектерін жеткізеді. Ия, расында Ғылым  мен білім ақ желкенін әлем кеңістігініде  самғатып қана қоймай достық пейіл қарым қатынасын орнатудың маңызын түсінген жастарымыз үшін – «Алғыс айту»  мерекесінің құны қашанда қымбат..  

«Өнер және спорт» факультетінің тәрбие жөніндегі

 декан орынбасары, «Музыка және қолданбалы өнер»

кафердасының аға оқытушысы А.Ы. Мақашова.

Top