Маман даярлаудағы талаптар талқыланды

М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінде «Болашақ мамандардың кәсіби құзырлығын дамыту жолдары» тақырыбында республикалық семинар өтті. Семинарға облыстық  Асқар Тоқпанов атындағы қазақ драма театрының көркемдік жетекшісі, Қазақстан Республикасының Мәдениет қайраткері, халықаралық театр фестивальдарының лауреаты Анар Сағымбекова, «Мәдениет және өнер» кафедрасының доценті, Қазақстан Республикасының  Еңбек сіңірген артисі, Қазақстан Журналистер одағының мүшесі, Қазақстанның Құрметті журналисі Асқарбек Сейілханов, Махамбет Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университеті, «Мәдениет және өнер» факультетінің тәрбие ісі жөніндегі декан орынбасары, аға оқытушы, магистр Абылқайыр Еслямғалиев, «Театр және эстрадалық шығармашылық» кафедрасының меңгерушісі Қарлығаш Жолдасбекова қатысты.

Сондай-ақ М.Әуезов атындағы  Оңтүстік Қазақстан университеті, , педагогика ғылымдарының кандидаты, доцент Әсем Қоспағарова, Қазақ Ұлттық  қыздар педагогикалық университеті, «Хореография және Артменеджмент» кафедрасының аға оқытушысы, магистр Роза Жамбутинова, Абзал Мырзахметов атындағы Көкшетау унверситеті, «Мәдени-тынығу жұмысы» білім беру бағдарламасының оқытушысы, университеттің көркемдік жетекшісі Марғұлан Тұяқов тынығу саласы бойынша мамандарды дайындаудағы талаптар туралы талқыланған жиында ой бөлісі. Ал Дулати университетінің аафедра оқытушысы А. Утепова «Ғылым мен шығармашылық арқылы кәсіби деңгейді дамыту» тақырыбында баяндама оқып, кафедрадағы ғылыми жұмыстардың атқарылу деңгейін таныстырды. Мамандықтың белсенді студенттері Р. Пряхина «Академиялық ұтқырлық» бойынша Польша мемлекетінің Познань қаласында алған тәжірибе алмасуы жайлы таныстырды. Данагүл Сауытбек «Жалын» волонтерлік қозғалысында біршама жетістіктерін қозғады. Семинар соңында арнайы сертификаттар табысталды.

Г.Смағұлова,

«Мәдениет және өнер» кафедрасының журналистика және педагогика магистрі, аға оқытушы.

Top