ЕРТЕҢ СҰРАНЫСҚА ИЕ БОЛУ ҮШІН ОҚУҒА ҚАЙДА БАРУ КЕРЕК?

М.Х. Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінде эстетикалық, мәдени тәрбиені қалыптастыруға, студент жастардың шығармашылық ойлауын дамытуға, мәдениетке, эстетикаға тартудың жүйелі тәсілдемесіне, өнерді, кескіндеме өнерін тануға ұмтылуға, көркемдік талғамын, сән, дизайн, эстетика, стиль туралы түсініктерді дамытуға көп көңіл бөлінеді.

Осыған байланысты, сондай-ақ студенттердің ғылыми-зерттеу жұмыстарын ұйымдастыру мақсатында «Өнер және спорт» факультетінің «Дизайн және сән индустриясы» кафедрасында 120 студент арасында келесі бағыттар бойынша жұмысты ұйымдастыратын «Өнер және дизайн» студенттік ғылыми үйірмесі құрылды: Студенттік модельдер үйі, Бейнелеу өнері және Сәндік-қолданбалы шығармашылық, Дизайндағы декор, Бренд өнері.

2

Жақында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығын мерекелеу аясында кафедраның «Өнер және дизайн» студенттік ғылыми үйірмесімен кәсіптік бағдар беру жұмысын жүргізу мақсатында таныстырылым ретінде «ХХІ ғасыр: Сән және стиль. Қазіргі жастар трендтері сәнде. Жарнама мен интерьер дизайнындағы заманауи тенденциялар» тақырыбында үйірме мүшелері  мен Тараз қаласы, Жамбыл облысы аудандарының орта, арнаулы орта оқу орындарының түлектері үшін аралас форматта  дөңгелек үстел өткізілді.

Конференц-залда үйірме мүшелері – студенттердің шығармашылық жұмыстарының көрмесі ұйымдастырылды: көркем суреттер, сәндік-қолданбалы шығармашылық заттары, манекендерде ұсынылған авангардтық костюмдер, сондай-ақ жарнамалық және баспа өнімдері: журналдар, кітаптар, буклеттер.

М.Х. Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің ғылыми - зерттеу жұмысын ұйымдастыру және үйлестіру бөлімінің маманы Светлана Тартычко қатысып отырған қонақтар мен баяндамашыларға кіріспе сөз сөйлеп, жаңа оқу жылынан бастап университетте білім беру бағдарламасына қарамастан студенттер айналыса алатын, мүлдем жаңа форматта жұмыс істейтін (дөңгелек үстелдер, тұсаукесерлер, конкурстар, олимпиадаларды ұйымдастыру) түрлі бағыттағы 55 ғылыми үйірменің қызметі ұйымдастырылғанын атап өтті.

3

Дөңгелек үстел отырысын «Өнер және спорт» факультетінің деканы, техника ғылымдарының кандидаты, М.Х. Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің доценті Айнұр Жаскиленова құттықтау сөзімен ашып, өткізіліп жатқан іс-шараның, әсіресе, оқуға қайда бару керек деген маңызды таңдаудың алдында тұрған орта мектептер мен колледждердің түлектері үшін маңыздылығын атап өтті. Сонымен қатар, «Дизайн» білім беру бағдарламалары тобының студенттері үшін мәдени-эстетикалық тәрбиенің, шығармашылық ойлау дағдыларын қалыптастырудың маңызды рөлі туралы сөз қозғады. Сондай-ақ өз сөзінде А. Жаскиленова Ресейдің, таяу шетелдің орталық жоғары оқу орындарында білім алған, ғылыми-педагогикалық, практикалық қызметте үлкен тәжірибесі бар «Дизайн және сән индустриясы» кафедрасының профессорлық-оқытушылық құрамының жоғары біліктілігін, кәсібилігін айта кетті. Сөз соңында кафедра түлектері еліміздің жетекші бейіндік оқу орындарында және Қазақстанның жеңіл өнеркәсібінің алдыңғы қатарлы кәсіпорындарында ғана еңбек етіп қоймай, сонымен қатар бүгінде шет елдердегі техникалық зиялыларының элитасын құрайтынын атап өтті.

Дизайнер мамандығы қазіргі уақытта нарықтық экономикада маңызды орындардың бірін алады, ал дизайн саласы көптеген бағыттарды қамтиды – өнеркәсіптік, автомобиль, сәулет, ландшафт, графикалық дизайн, киім, тоқыма, интерьер, қалалық және ауылдық ортаның дизайны, веб-дизайн.

Бүгінгі таңда дизайнерлердің жас буыны жобалық іс-әрекеттің жаңа технологияларын және көркемдік экспрессивтілік құралдарын игере отырып, өз білімдерін, дағдыларын және ең батыл жобаларын жүзеге асыра алады! Өзінің кәсіби таңдауы туралы ойлана отырып, әркім өзі таңдаған мамандық сұранысқа ие, өзекті, жақсы төленетін, өзіне және адамдарға қуаныш әкелуі керек екенін түсінеді.

4

Қазіргі уақытта, бүкіл әлемде тұрақты ештеңе болмаған кезде, әртүрлі шекаралар, иерархиялар, қате түсініктер жойылып, болашақ мамандығын таңдауда алуан түрлі опциялар, көптеген мүмкіндіктер мен перспективалар пайда болады. Көптеген дәстүрлі мамандықтар түрлендіруден өтеді. Қызмет түріне қарамастан, дәрігер, адвокат немесе ғалым – барлық мамандықтардың өкілдері болашақта адамдармен қарым-қатынас жасау үшін soft skills-ті үйренуге мәжбүр болады. Бүгінгі таңда коммуникативтілік пен soft skills-тің жоғары деңгейі үлкен мәнге ие болған заман десек болады.  Цифрландыру, «ақылды» фабрикалар, зауыттар, интернет, виртуалды және толықтырылған шынайылық - осындай жүйелі өзгерістер қоғамдық өмірдің барлық салаларына, соның ішінде дизайн мен fashion-индустрияға еніп келеді.

6В02112 – Жарнама дизайны, 6В02113 - Интерьер дизайны білім беру бағдарламаларының 1 курс студенттері Жомарт Нұрай мен Жийемуратова Жансулу (ғылыми жетекшісі: Гүлнар Смағұлова – «Дизайн және сән индустриясы» кафедрасының аға оқытушысы) «Дизайнер – әлемдік еңбек нарығындағы ең беделді және сұранысқа ие мамандық» атты  баяндамасында сән әлеміндегі дизайнер мамандығының беделі (оны сән бизнесі саласындағы жоғары табыстар растайды), коллекциялар жасайтын, трендтер қалыптастыратын және fashion-болашақты болжайтын дизайнерлер туралы ойларын жеткізді. Олар дизайнмен байланысты білім беру бағдарламаларын таңдағанын айтып,  өздерінің қорытындыларымен бөлісті, сонымен қатар пандемия мен жаһандық карантин жағдайында, covid-19-дың бизнес үшін бірқатар проблемалар тудырған жағымсыз салдарын ескере отырып, қазіргі әлемдік жағдайды талдады.

5

 «Студенттік модельдер үйі. Даму және жетістіктер тарихы» тақырыптағы баяндаманы 3 курс студенттері Горбатенко Калина (6В02113 - интерьер дизайны ББ) және Арашапова Аяулым (6В02111 - Сән дизайны ББ)  (ғылыми жетекшісі: Гүлнара Смағұлова) дайындады, онда 1978 жылы «Тігін бұйымдарының технологиясы»  кафедрасында алғаш рет құрылған, бүгінгі күнге дейін белсенді жұмыс істеп келе жатқан студенттік модельдер үйімен  таныстырылым жасады.

Дөңгелек үстел отырысы барысында ғылыми жетекші, «Дизайн және сән индустриясы» кафедрасының оқытушысы Ирода Абдуллаеваның жетекшілігімен білім алушылар келесі тақырыптарда баяндамалар жасады: (6В02112 - Жарнама дизайны ББ-ның 1 курс студенті Сабитқызы Камила); «Интерьердегі декор. Интерьердегі заманауи бағыттар мен стильдер»  (– 6В02113 - Интерьер дизайны ББ-ның 1 курс студенті Нұрбекова Мерей) және «Дизайнер - менің болашақ мамандығым» (Тараз Қ. №4 орта мектебінің 11 сынып оқушылары Мамарасулова Индира, Икрамова Луиза).

 «Сәннің дизайнына әсер ету» тақырыбында «Жеңіл өнеркәсіп бұйымдарының технологиясы, конструкциялауы» мамандығының 4 курс студенттері Пернебек Альфия, Зарлыхан Ализа (ғылыми жетекшісі: Роза Пернебаева) баяндама жасады.

Сонымен қатар, дөңгелек үстел жұмысына қонақтар да қатысты. №1 мектеп-гимназиясының мұғалімі Ләйли Рахимованың жетекшілігімен «Заманауи жастар тренді – сәнді киім және аксессуарлар» тақырыбында презентация дайындаған Тараз қаласы Әлихан Бөкейханов атындағы №1 мектеп-гимназиясының 10 сынып оқушысы Жақсылық Әмина – университетіміздің дизайнер мамандығы бойынша болашақ талапкеріміз өз көзқарасын білдірді.

А.С. Пушкин атындағы № 41 көпсалалы гимназияның 11 сынып оқушысы Рожкова Виктория «ХХІ ғасыр: сән және стиль. Сәндегі қазіргі жастар трендтері. Жарнама мен интерьер дизайнындағы заманауи тенденциялар»  (жетекшісі: Назира Абдыкалыкова - № 41 көпсалалы гимназияның көркем еңбек мұғалімі) тақырыбында баяндама жасады.

Жаманова Ұлмекен - Жамбыл политехникалық жоғары колледжінің «Киім дизайны»  мамандығының 4 курс студенті «Стайлинг дизайндағы жастарға арналған костюмнің теңгерілу қағида арқылы пішін құруын зерттеу» тақырыбында баяндама жасады (ғылыми жетекшісі: Нұрболат Уәлиев – «Дизайн және сән индустриясы» кафедрасының оқытушысы).

Дөңгелек үстел отырысын экономика ғылымдарының кандидаты, «Дизайн және сән индустриясы» кафедрасының доценті Келесова Уржамал қорытындылады.

Өз сөзінде ол: «Бүгінде «Дизайн және сән индустриясы» кафедрасының білім беру бағдарламаларын әзірлеу, таңдау процесіне қатысатын  Жамбыл облысы ұйымдарының, мекемелерінің, білім алушылардың, сондай-ақ кәсіптік практикадан өту қорытындылары бойынша жұмыс берушілердің пікірлері мен ұсыныстары ескеріле отырып, жүзеге асырылады. Сонымен қатар аталған тұлғалардың тілектері мен ұсынымдары элективті пәндер тізбесін қалыптастыру барысында, дипломдық жұмыстардың тақырыбын әзірлеу кезінде есепке алынады. Бұл ретте мемлекеттік аттестаттау комиссиясы төрағаларының ұсыныстары, түлектердің жұмысқа орналасу кезінде талап етілу көрсеткіші, өңір жұмыс берушілерінің мамандарды даярлау сапасын тануы ескеріледі. Өңірдің орта білім беру мекемелерінің түлектері арасында үнемі өткізілетін кәсіптік бағдарлау науқаны жыл сайын дизайн-білім беру білім беру қызметтері нарығында жыл сайын жоғары сұранысқа ие бола бастағанын көрсетті».

Соңында дөңгелек үстелдің барлық оқушы-баяндамашылары қатысқаны үшін дипломдармен марапатталды, оларды «Өнер және спорт»  факультетінің деканы А.Жаскиленова табыс етті.

Болашақ талапкерлер оқуға түсу және білім беру бағдарламасын таңдау кезінде бүгінгі күннің шындығы мен болашақтағы перспективаларды анықтай отырып, дұрыс таңдау жасайды деп үміттенгіміз келеді!

ГҮЛНАР СМАГҰЛОВА - дөңгелек үстелді  үйлестіруші,
М.Х. Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті,
«Өнер және спорт» факультеті,
«Дизайн және сән индустриясы» кафедрасының
аға оқытушысы

Top