Кездесу мақсаты-университетте жоғары білімді бәсекеге қабілетті мамандарды дайындау, олардың одан әрі жұмысқа орналасуы, білім сапасын көтеру, сондай-ақ университет пен жұмыс берушілер арасындағы серіктестікті одан әрі нығайту болды.
Кездесуді басқарма мүшесі – ғылым және цифрландыру жөніндегі проректор Сейітжан Орынбаев ашып, бүгінгі күні адам іс-әрекетінің кез-келген саласы автоматтандыру және басқару жүйелерінсіз мүмкін еместігіне және қазіргі заманғы технологиялар туралы білім берумен қоса әртүрлі бағдарламалық жасақтамамен жұмыс істеу мен дағдыларын алуға мүмкіндік беретініне тоқталды.
Кездесу барысында қонақтар жастарға кәсіпкерліктің заңдылықтары ерекшеліктері туралы айтып, болашақта әр азаматтың табысты кәсіпкер болуына жол көрсетті. Сонымен қатар, спикерлер өз істерінің негізгі кезеңдері туралы мәселелерді қозғады, бизнес туралы кең тараған қателіктер мен қиындықтар туралы айтып берді, бизнестегі өзінің жолдары мен жетістіктері, кәсіпкер ретінде қалыптасуы, табысты және сәтсіз жобалары, қаржылық сауаттылықты қалай дамыту керектігі туралы айтып берді. Кездесу соңында қонақтар мен студенттер еркін қарым-қатынас форматында пікір алмасты. Кәсіпкерлер кәсіпкерлік қызметтің құпиясымен бөлісіп, студенттердің көптеген сұрақтарына жауап берді. Шақырылған мекеме басшылары кездесуге келген студенттерге алғысын айта отырып, аталған мекемеге биылғы оқу жылында бітіретін әр саладағы білімді студенттерді жұмыспен қамтитынын атап өтті.
Кездесу барысында білім алушылар бос жұмыс орындарымен танысып, болашақта кәсіпорындарға жұмысқа тұруға ниет білдірді. Кездесудің соңында шақырылған қонақтар мен белсенді студенттерге университеттің атынан алғыс хаттар тапсырылып, кофе-брейк ұйымдастырылды.