Кездесудің мақсаты – ҚР дін саласындағы мемлекеттік саясатын танып білу, топ кураторлардың діни сауаттылығын қалыптастыру және студенттерді радикалдық діни идеологияның ықпалынан қорғау бойынша жұмыс жасау болып табылады. Б.Алпысбаев дінтанушы маман ретінде кураторларға қоғамдағы діни ахуал және ҚР «Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы» заңы аясында кеңінен ақпараттарды жеткізді. Барлығы іс-шараға 54 куратор қатысты.