Кездесуге Әлеуметтік жұмыс басқармасының дінтану бойынша бас маманы Б.Алпысбаев қатысып, ҚР дін саласындағы мемлекеттік саясатының бағыт-бағдарымен таныстырып, қоғамдағы теріс діни ағымдардың идеологиясынан сақ болуға шақырды. Теріс діни ағымдардың идеологиясы ұлт тұтастығына, мемлекет тұрақтылығына және дәстүрлі құндылықтарға қауіп төндіретін құбылыс. Жас ұрпақты әдепті де саналы, арлы да абыройлы етіп тәрбиелеу үшін ең алдымен тәрбие ережелеріне тірек арта отырып, ұлттық дәстүрімізді, әдет-ғұрпымызды, дәстүрлі дінімізді, ата-бабаларымыздан қалған мұраларды олардың саналарына сіңіре білуіміз қажет.
https://www.instagram.com/reel/DBX0FhXNx73/?igsh=bTF3dTFiODBkanNk