Кездесуге Әлеуметтік жұмыс басқармасының дінтану бойынша бас маманы Б.Алпысбаев қатысып, ҚР дін саласындағы мемлекеттік саясатының бағыт-бағдарымен таныстырып, қоғамдағы теріс діни ағымдардың идеологиясынан сақ болуға шақырды.
Теріс діни ағымдардың идеологиясы ұлт тұтастығына, мемлекет тұрақтылығына, дәстүрлі құндылықтарға қауіп төндіретін құбылыс. Кез келген ұлттың өзін тарихта ұлт ретінде сақтапының алғышарты – өзінің ғасырлар бойы қалыптасқан дәстүрлі дінінен, тілінен, ділінен ажырамау екендігін жастар білуі қажет екендігін атап өтті.