«Ислам діні Орта Азияға кіргеннен кейін бүкіл Түркі тектес халықтар исламның дамуына үлестерін қосты. Жалпы, Ясауи еңбектері арқылы Түркі халқы өзінің рухани болмысы мен құндылықтарын тани бастады. Қазақ халқы да мұсылмандық болмысын Ясауи ілімі арқылы дамытты. Ясауи ілімі – дін мен дәстүрдің сабақтастығы. Жалпы, елімізде Ясауи ілімін қолдамайтын топтар да бар. Олар – адасып жүрген топтар. Сондықтан, олардың да көздерін жеткізу үшін Ясауи ілімін идеологиялық тұрғыдан әрі қарай жаңғыртуымыз керек. Қазақтың ақын-жыраулары ислам дінін насихаттауда осы Ясауи ілімін жыр шумақтарына қосып отырған. Яғни, бағалаған. Олар да қазақтың рухани болмысы биік болсын деген мақсатты көздеді. Президент өте дұрыс айтып жатыр. Егер біз қазақ халқының мәдениеті мен рухани болмысын тереңдеп білмесек, адасып кетеміз. Орта Азияда да Ясауи ілімінің маңызы зор. Оны біз жастарға шығармашылық тұрғыда, ғылым тұрғысында насихаттауымыз керек. Ясауи пәнін мектеп бағдарламасына енгізу қолға алынып жатыр. Өте дұрыс бастама. Бұл бастама жоғары оқу орындарында да жалғасын табуы қажет деп ойлаймын. Қожа Ахмет Ясауи өзінің ілімі мен білімін ислам діні аясында қалыптастырды. Құрандағы аят пен хадисті назарға ала отырып, түркі халықтарының арасына ислам дінін насихаттауға көп еңбек еткендігі бар. Сондықтан, Ұлттық Құрылтайда Мемлекет басшысы өте дұрыс мәселені көтеріп отыр. Қолдаймыз. Осы бағытта тер төгіп, жұмыс істеуге дайынбыз».