«ДІН САЛАСЫНДАҒЫ ТҮСІНДІРУ ЖҰМЫСТАРЫНЫҢ МАҢЫЗДЫЛЫҒЫ»

2024 жылы 31-қантарда Әлеуметтік жұмыс басқармасының дінтану бойынша бас маманы Б.Алпысбаев "Педагогика және әлеуметтік ғылымдар" факультетіне қарасты "Психология" мамандығының 1-курс студенттеріне дін саласындағы ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Іс-шараның мақсаты - студент жастарға қоғамдағы деструктивті діни идеологияның қауіп қатерін түсіндіру, интернет желісінде экстремизмдік идеясы бар діни мазмұндағы ақпараттарды таратуға болмайтындығы, шетелдік діни уағызшылардың үгіт-насихатынан сақ болу және дін саласын реттейтін заңдық нормаларды танып білу болып табылады. Студенттерге бейнеролик көрсетіліп және өздерінің мазалаған сұрақтарына жауаптарын алды.

 2

3

Top