СТУДЕНТ ЖАСТАРДЫҢ ДІНИ САУАТТЫЛЫҒЫН АРТТЫРУ ЖОЛДАРЫ

2023 жылы 08-желтоқсанда «Химия және жимиялық технология» кафедрасының кураторы Кулбаева Дилбар Альманқызының ұйымдастыруымен «Қазақстанда діни экстремизм мен терроризмнің қауіп-қатері» тақырыбында "6В07115 -ХИП", "6В05314-Химия" мамандығының 1-курс студенттеріне ашық кураторлық сағаты өтілді. Аталған кездесуге Әлеуметтік жұмыс басқармасының дінтану бойынша бас маманы Б.Қ.Алпысбаев шақырылып, студенттерге ҚР дін саласындағы мемлекеттік саясатының бағыттары, интернет желісінде күмәнді діни парақшаларға тіркелмеу, экстремизмдік идеясы бар діни уағыздарды тыңдамау туралы ақпараттар жеткізілді. Сонымен қатар, жастардың діни танымы әрқашанда қазақ тарихымен, қазақ әдебиетімен, қазақ ұлы ойшылдардың діни мұраларымен сабақтасу қажет екендігі айтылды. Қойылған сұрақтарға жауаптар беріліп, еркін форматта пікір алмасылды.

 1

Top