ИНСТИТУТ ЖӘНЕ ФАКУЛЬТЕТТЕРДІҢ 1-КУРС СТУДЕНТТЕРІНЕ ДІН САЛАСЫНДАҒЫ АҚПАРАТТЫҚ-ТҮСІНДІРУ ЖҰМЫСТАРЫ
Әлеуметтік жұмыс басқармасы студенттердің бойында рухани-адамгершілік қасиеттерді дамыту және діни экстремизм көріністерін алдын-алу мақсатында институт және факультеттермен бірлесе отырып, ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізіп келеді. Осыған орай, 2023 жылының 13-қазанда «Экономика және құқық» факультетінің 1-курс студенттеріне дін саласына байланысты ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Сағат 12.00-де «Құқытану» мамандығы және сағат 15.00-де «Экономика» мамандығы бойынша екі іс-шара ұйымдастырылды. Аталған кездесуге дінтанушы-магистр Б. Алпысбаев студент жастарға қоғамдағы деструктивті діни ағымдардың ықпалынан сақтану жолдары, Орта Азияға кеңінен таралған Ханафи-Матуриди мазхабының маңыздылығы және жастардың бойында діни сауаттылықтың жоғары болу қажеттілігі айтылды. Көптеген сұрақтар қойылып, оларға тұшымды дінтанулық, ғылыми түрде жауаптар берілді.