ИНСТИТУТ ЖӘНЕ ФАКУЛЬТЕТТЕРДІҢ 1-КУРС СТУДЕНТТЕРІНЕ ДІН САЛАСЫНДАҒЫ АҚПАРАТТЫҚ-ТҮСІНДІРУ ЖҰМЫСТАРЫ
Дулати университетінің тәрбие жұмыс жоспарында рухани-адамгершілікті дамыту бағыты қамтылған. Осы бағытқа байланысты жүйелі түрде іс шаралар жұмыстары жүргізілуде. Осыған орай, 2023-2024 оқу жылының 08-қыркүйекте "Ақпараттық технологиялар" факультетінің 1-курс студенттеріне дін саласына байланысты ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Аталған кездесуге дінтанушы-магистр Б. Алпысбаев студент жастарға қоғамдағы деструктивті діни ағымдардың ықпалынан сақтану жолдары, Орта Азияға кеңінен таралған Ханафи-Матуриди мазхабының маңыздылығы және жастардың бойында діни сауаттылықтың жоғары болу қажеттілігі айтылды. Көптеген сұрақтар қойылып, оларға тұшымды дінтанулық, ғылыми түрде жауаптар берілді.