«ЖАСТАРҒА ҰЛТТЫҚ ТӘРБИЕ БЕРУДІҢ МАҢЫЗДЫЛЫҒЫ»
2023 жылдың 26 - сәуір күні «Су шаруашылық және табиғатқа үйлестіру» институтының 1-курс студенттеріне рухани-адамгершілік және ұлттық тәрбиеге байланысты кураторлық сағаты өтілді. Тәрбие сағатында тәрбие жұмысы және әлеуметтік мәселелер жөніндегі департаментінің бас маманы, дінтанушы-магистр Б.Қ. Алпысбаев қатысып, студенттерге ұлттық құндылықтарды сақтау және қоғамдағы діни радикализмнің қауіпі мен алдын-алу жолдарын айтып өтті. Б.Алпысбаев өз баяндамасында қоғамдағы радикалдық діни идеология қазақ мұсылмандық мәдениетін жоққа шығаруға бағытталған әрекеттердің бірі болып табылады. Дін мен дәстүрдің арасын айырып, бір-біріне қарсы қоюға бағытталған әрекеттер ұлт болмысын екіге жарудың амалы ретінде қауіпті. Сол үшін дін мен дәстүр бірлігі – ұлт болашағының кепілі болуы қажет.