«СТУДЕНТ ЖАСТАРДЫҢ БОЙЫНДА РУХАНИ-АДАМГЕРШІЛІК ҚАСИЕТТЕРІН ДАМЫТУ»

2023 жылдың 26 - сәуір күні «Қолданбалы математика және статистика» кафедрасының кураторы А.Айтқазинаның ұйымдастыруымен «Математика» мамандығының 2-курс студенттеріне «Имандылық – адам айнасы» тақырыбында кураторлық сағаты өтілді. Аталған іс-шараға дінтанушы-магистр Б.Алпысбаев шақырылып, студент жастармен рухани құндылық және ұлттық тәрбиеге байланысты тәрбиелік сұхбат жүргізілді.

Адамгершілік тәрбиенің бүкіл жүйесі гуманистік мазмұнға толы, рухани негізде жеке адамның жан-жақты дамып жетілуіне бағытталған. Руханилықтың негізінде адамның мінез-құлқы қалыптасады, ар-ұят, өзін-өзі бағалау және адамгершілік сапалары дамиды. Мұның өзі мейірімділікке, ізгілікке шақырады. Студенттер дін саласындағы өзекті сұрақтарын қойып, оларға дінтанулық, теологиялық бағытта жауаптар берілді.

 

Top