«СТУДЕНТ ЖАСТАРДЫ ДЕСТРУКТИВТІ ДІНИ АҒЫМДАРДАН САҚТАУ ЖОЛДАРЫ»
2023 жылы 13-сәуір күні «Философия және саясаттану» кафедрасының бастамасымен №1 Студенттер Үйінде дін саласына байланысты ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Бұл кездесуге Тәрбие жұмысы және әлеуметтік мәселелер жөніндегі департаментінің бас маманы, дінтанушы-магистр Б.Қ. Алпысбаев шақырылып, жатақхана студенттеріне қоғамдағы деструктивті діни ағымдардың қауіпті белгілері және олардан сақтану жолдарын түсіндіріп өтті. Сонымен қатар, студенттер тарапынан өздерің мазалаған діни сұрақтарын қойып, оларға дінтанулық, ғылыми түрде жауаптар берілді. Жалпы қатысқан студенттер саны – 50.